САРАПТАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

САРАПТАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

Талғар қаласы                                                                            19 маусым 2025 жыл

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

        2025 жылғы 9 маусымдағы №06-122-б Талғар ауданы әкімі аппаратының         ««Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық        тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына       сәйкес, 2025 жылғы 10 маусым       мен 2025 жылғы 17 маусым аралығында «Талғар       ауданы әкімінің аппараты»         мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат)          қызметіне ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.

        Ішкі талдау 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсана         дейінгі кезеңдегі аппараттың қызметін қамтыды.

        «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін 2024         жылғы 1 ақпандағы №02-23 Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің Қаулысымен         бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

        Аталған Ережеге сәйкес, аппараттың миссиясы – аудан аумағында         мемлекеттік         саясатты жүргізу, жергілікті маңызы бар мәселелерді құзыреті         шегінде шешу, тиісті    аумақта әлеуметтік және экономикалық даму   бағдарламаларын іске асыруды     қамтамасыз ету болып табылады.

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас         жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12         бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу         қағидаларына сәйкес, ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

 

  1. 1. АППАРАТ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

         Аппарат өз қызметін Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы
1 ақпандағы №02-23 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ережеге сәйкес, «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі – аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

 

         1.1. Әкім аппараты өз қызметінде мынадай құжаттарды басшылыққа алады:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы;
  3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;
  4. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы;
  5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  6. Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
  7. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  8. Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі;
  9. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  10. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы;
  11. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы.

 

         1.2. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (құқықтық коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.)

 

         Анализ жүргізу барысында аппарат қызметін реттейтін Ереже, сондай-ақ әкім аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын заңдар мен нормативтік құжаттар зерделенді. Дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға ықпал етуі мүмкін нормаларды талдау нәтижесінде қандай да бір қайшылықтар анықталған жоқ. Әкім аппаратының қызметі жоғарыда аталған заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. АППАРАТТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

2.1. Кадрларды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша

 

                 2024 жылға аппараттағы жалпы штат саны 28 қызметкерді құрады.

                 2024 жылы өз еркімен келесі мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылды:

        бас мамандар – Ә. Бақбергенұлы, А.Т. Тұрар, аппарат басшысы – А. Қасымбаев.

                 Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер:

                 Айдарбеков Т.Е. – аудан әкімі

  • Сөгіс (Алматы облысы әкімінің №19-ө-т/ж 2024 жылғы 15 қазандағы өкімі);
  • Ескерту (Алматы облысы әкімінің №34-ө-т/ж 2024 жылғы 27 қарашадағы өкімі).

                 Каспақбаев О.О. – аудан әкімінің орынбасары

  • Ескерту (Талғар ауданы әкімінің №06-284-өк 2024 жылғы 5 маусымдағы өкімі);
  • Сөгіс (Талғар ауданы әкімінің №06-307-өк 2024 жылғы 18 маусымдағы өкімі);
  • Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту (Талғар ауданы әкімінің №12-612-өк 2024 жылғы 3 желтоқсандағы өкімі).

 

                 Бидаев А.Д. – аудан әкімінің орынбасары

  • Сөгіс (Талғар ауданы әкімінің №10-532-өк 2024 жылғы 18 маусымдағы өкімі)

 

                 Табыстар туралы декларациялар белгіленген мерзімде тапсырылды.

 

2.2. Аппарат қызметшілерін мемлекеттік оқыту

 

          2024 жылы Аппараттың келесі мемлекеттік қызметшілері оқу курстарынан

өтті:

  1. №04-179-өк 2024 жылғы 19 сәуірдегі өкімге сәйкес Н.Д. Абдалимов біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
  2. №05-178-өк 2024 жылғы 19 сәуірдегі өкімге сәйкес З.Е. Суранчинова біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
  3. №05-226-өк 2024 жылғы 13 мамырдағы өкімге сәйкес Е.Н. Кудина қайта даярлау курстарынан өтті;
  4. №05-227-өк 2024 жылғы 13 мамырдағы өкімге сәйкес С.Н. Алгазиева қайта даярлау курстарынан өтті;
  5. №05-270-өк 2024 жылғы 31 мамырдағы өкімге сәйкес А.С. Бекова қайта даярлау курстарынан өтті;
  6. №08-421-өк 2024 жылғы 2 тамыздағы өкімге сәйкес Ә. Бақбергенұлы біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
  7. №10-503-өк 2024 жылғы 3 қазандағы өкімге сәйкес А.Е. Смағұлова біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
  8. №10-504-өк 2024 жылғы 3 қазандағы өкімге сәйкес З.А. Садыкова біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
  9. №10-501-өк 2024 жылғы 1 қазандағы өкімге сәйкес А.С. Бекова біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 

  1. АППАРАТТАҒЫ МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН РЕТТЕУ

 

         Анализ кезеңінде аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе туыстық қатынасы бар адамдардың бірлесіп қызмет ету фактілері анықталған жоқ.

         Аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, себебі аудан әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметке қабылдау аудандық конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабына сәйкес: «Мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысы болған жағдайда өз лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруға тыйым салынады». Аппаратта мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді сыйақымен қамтамасыз ету шарттары реттелген.

         Сыйақы беру шарттарын талдау барысында, 2024 жылы аппарат тарапынан келесі күндерге байланысты мемлекеттік қызметшілерге сыйақы берілді:

  • «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні»
  • «22 наурыз – Наурыз мейрамы»
  • «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні»
  • «9 мамыр – Жеңіс күні»
  • «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні»
  • «6 шілде – Астана күні»
  • «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні»
  • «25 қазан – Республика күні»
  • «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні»
  • «Жаңа жыл» 2024 жылдың қорытындысы бойынша.

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША

 

         Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. 2024 жылы «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеткізушілермен жалпы сомасы 145 405,0 мың теңгені құрайтын 241 шарт жасасты. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу барысында мүдделер қақтығысы жағдайлары орын алған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану қағидаты негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алулар бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы және мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде жүзеге асырылады, олар мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады. Талдау кезеңіндегі мемлекеттік сатып алулар бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының
6-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер сақталды.

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТІЛУІ БОЙЫНША

 

Аудан  бойынша 69 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оларды аудан әкімдігінің 19 құрылымдық бөлімшелері көрсетеді, яғни аудан әкімінің аппараты, 8 аудандық бөлім, Талғар қаласы әкімінің аппараты және 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары.

Талғар ауданында барлық мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады

2024 жылдың 12 айында 59538 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде қағаз түрінде – 1254,  (2023 жылдың 12 айымен салыстырғанда - 48941, бұл 10,2% артық), оның ішінде жеке тұлға - 49122, заңды тұлға – 661).

2024 жылдың 12 айында өтініштерді уақтылы жіберілмегені бойынша 1 заңбұзушылық тіркелді.

Аталған заң бұзушылық бойынша аудан әкімінің орынбасарына «сөгіс» түрінде шара қолданылды.

Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы және ақпараттық жүйелер арқылы баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 455 құрады, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 0,9% құрайды, 2024 жылдың дәл осы кезеңінде -3931- 8%.

Мемлекеттік корпорация филиалдары арқылы - 13452, бұл көрсетілген қызметтердің жалпы санының 24,4% құрайды (2023 жылдың 12 айында - 8719 – 17,8%).

Электрондық форматта 45911 қызмет ұсынылды (ЭҮП, Е-лицензиялау - 26620, ақпараттық жүйелер – 12351). 2024 жылы электрондық түрдегі қызметтер үлесі 76% құрады (2023 жылдың 12 айында – 73%), бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 3% -ға жоғары.

Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12 тармағына, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына және Талғар ауданындағы жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатындағы аудан әкімінің 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің сапасын арттыру бойынша 12 мемлекеттік ішкі бақылау және 5 ішкі байқау жүргізілді. Сонымен қатар, 9 мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында біліктілігін арттыруда оқудан өтті.

Ішкі бақылау кезінде 59 заң бұзушылықтар орын алып, 5 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды(«Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, «Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, «Нұра  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, «Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі).  Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 465-бабының Рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзу  бойынша:  Аудандық сәулет және қалақұрылыс 1 факты бойынша– 92300 теңге, Бесағаш ауылдық округінің әкімі 2 факты бойынша – 110600 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде орын алған заң бұзушылықтардың басты себептері : Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтамау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтамау болды. Жоғарыдағы аталған кемшіліктер бойынша, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қызмет берушілердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде ұсыныстар енгізді.

Аудан әкімдігінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілетін қызметтердің ережесі «Электрондық үкімет» порталына кіруге белсенді сілтемелер, қызмет алушыларға кеңес беру үшін қызмет көрсетушілердің байланыс деректері, мемлекеттік қызметтердің тізімдері орнатылған.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

Жоғарыда келтірілген негіздерге сүйене отырып, ұсынылады:

  1. Лауазымдық нұсқаулық талаптарын қатаң сақтау, қызметкерлерді функционалдық міндеттеріне сәйкес біліктілігін арттыру курстарына жіберу;
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарын қатаң орындау, сонымен қатар жаңартулар туралы қызметкерлер арасында семинар өткізу;
  3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ әкім аппараты қызметкерлері арасында заңнаманы қолдану мәселелері бойынша семинар ұйымдастыру.

 

 

Жұмыс тобы:

 

Д.Е. Сайлыбай

 

 

 

 

 

Д.С. Нұрғожаева

 

 

 

 

 

Н.Қ. Айтбеков

 

 

 

 

 

З.А. Садыкова

 

 

 

 

 

А.Е. Смагулова

 

 

 

 

 

Р. Курманиязов

 

 

 

 

 

 

Таныстырылды:

 

 

 

 

 

Аппарат басшысы

 

Н.Д. Абдалимов

 

Дата публикации
22 декабря 2025