АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Талғар қаласы 30 қазан 2025 жыл
«Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) басшысының 2025 жылғы сәуірдегі «Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №10-Б бұйрығы негізінде «Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Бөлімдегі ішкі талдау 2025 жылдың 22-29 қазан аралығында жүргізілді.
Жұмыс тобының жетекшісі – Бөлім басшысы М.Мубаракова, жұмыс тобының мүшелері: бөлімнің бас маманы Ө.Әбдібай, бөлімнің бас маманы А.Нақпаева, бөлімнің бас маманы А.Бекболат, «Жауынгер" Ауғанстан соғысының ардагерлері Талғар қалалық қоғамдық бірлестігі төрағасы С.Жумадилов, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-сі Талғар ауданы бойынша жетекшісі, жұмыс тобының мүшесі А.Мухаметнур.
ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
2.1. Бөлім өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
- 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі»;
- Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 желтоқсандағы Мәдениет туралы № 207 Заңы;
- Қазақстан Республикасының Тіл туралы 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы.
2.2. Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша (қақтығыстар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.)
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
Ұсыныс: Бөлім мамандарына ШЖК қатысты нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу, семинар өткізу.
ІІІ. БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
3.1. Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы
2024 жылғы 01 қаңтарға қазандағы штат кестесіне сәйкес Бөлімнің жалпы штат саны 4 адамды құрайды. Талданатын кезеңде кадрлардың ауысуы болды (жұмыстан 1 маманның кетуі және 1 маманның келуі).
3.2. Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде және жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталған жоқ.
Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы тұруға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік органның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының Заңдарын түсіндіру, «сенім телефондары» туралы ақпараттандыру жүзеге асырылады.
Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
3.3. Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау – жоқ;
3.4. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер.
2024 жылғы талдау барысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» №350-VI кодексінің талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бөлімнің штат саны - 4 бірлік. Бос бірліктер жоқ.
Персоналды басқару желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде анықталған жоқ.
Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жасырын мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.
Ішкі талдау нәтижелері бойынша бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу бойынша жұмыс тобының мүшелеріне төмендегідей ұсыныстар берілді:
Жұмыс тобының мүшелері
|
|
1. Мубаракова Меруерт Николаевна |
Бөлім басшысы, жұмыс тобының жетекшісі |
Өркен Олжамұратұлы Бөлімнің бас маманы, жұмыс
тобының мүшесі
Алтыншаш Алтынбековна Бөлімнің бас маманы, жұмыс
тобының мүшесі
Аяжан Бекболатқызы Бөлімнің бас маманы, жұмыс
тобының мүшесі
даму орталығы» КММ-сі
Талғар ауданы бойынша
жетекшісі, жұмыс тобының
мүшесі
Серикказы Зейнолгазинович "Жауынгер" Ауғанстан
соғысының ардагерлері
Талғар қалалық қоғамдық
бірлестігінің төрағасы,
жұмыс тобының мүшесі
Таныстым:
Мубаракова Талғар ауданының ішкі саясат
Меруерт Николаевна бөлімінің басшысы