Х а б а р л а н д ы р у
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығының 1-2-тармақтарына сәйкес: Кеңдала ауылдық округі, Кеңдала ауылы, Отырар көшесі №2 Кеңдала ауылы, акимат ғимаратында 2025 жылдың 3 қараша күні, сағат: 15:00-де өткен жергілікті қоғамдастықтың және ауыл тұрғындарының Кеңдала ауылдық округіне қарасты Кеңдала ауылындағы жаңа көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерлері Дюсембаев Рахимбай Исапаұлы атын беру мәселесі бойынша жиналысы өтті. Жиналыс қорытындысы бойынша:
Кеңдала ауылдық округіне қарасты Кеңдала ауылы, Жаңақұрылыстағы жаңа көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Дюсембаев Рахимбай Исапаұлы атын беру туралы шешім қабылданып, Талғар аудандық мәслихатына және Алматы облысының ономастикалық комиссиясына қарастыруға ұсынылсын.
«Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ