«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы»

«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп

иеліктен шығаруды бастау туралы»

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабының 1 тармағы және             2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабы және Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауы негізінде, 2025 жылғы 3 қазандағы Алматы облысы әкімдігінің «Индустриялық аймақты құру мен Ережесін бекіту туралы» № 303 қаулысына сәйкес, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2025 жылғы 15 қазандағы № 40-10/1110-И хаты мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының – Талғар аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің ұсынған жер учаскелерінің экспликациясын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Экспликацияға (қаулыға қосымша) сәйкес жалпы ауданы 200,0000 га Талғар ауданы аумағында «Қайрат 2» индустриялық аймағын салу үшін, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Меншік иелерінің жүгінетін орны: Талғар ауданы, Талғар қаласы, Абылай хан көшесі, 93 үй, 1 қабат, 6 кабинет «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Бидаевқа жүктелсін.
Дата публикации
04 ноября 2025