«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп
иеліктен шығаруды бастау туралы»
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабының 1 тармағы және 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 1 және 8 тармақтарына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауы негізінде, Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппаратының 2025 жылғы 14 тамыздағы № 65-28-17/305-и хатына, Талғар ауданы сәулет және қалақұрылысы бөлімінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № 65-35-01-2-8/929 жер учаскелерін таңдау актісіне және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Талғар аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі әзірлеген жер учаскелерінің экспликациясына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: