Алматы облысы Талғар ауданы
Белбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 14 қыркүйегінде Талғар ауданы, Белбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 14 025 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 6 006 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 38 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Талғар ауданы, Белбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Абиров Еркінбек Ероллаұлы үшін сайлаушылардың 4 411 дауысы берілді;
Айтжанова Әйгерім Сайлаужанқызы үшін сайлаушылардың 740 дауысы берілді;
Қәденов Жәнібек Жанболатұлы үшін сайлаушылардың 806 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 28.
Сайлау қорытындылары бойынша Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып:
1985 жылы туған, «LA FATTORIA» ЖШС атқарушы директоры, Бірлік ауылының тұрғыны Еркінбек Ероллаұлы Абиров сайланды.
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы