«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы»

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

__________________

 

Талғар қаласы

 

 

 

 

АКИМАТ

ТАЛГАРСКОГО РАЙОНА

АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

№_________________

 

город Талгар

 

 

 

 

«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп

иеліктен шығаруды бастау туралы»

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабының 1 тармағы және             2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 1 және 8 тармақтарына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауы негізінде, 2025 жылғы 15 сәуірдегі «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ хатына сәйкес және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – Талғар аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің 2025 жылғы 5 тамыздағы ұсынған жер учаскелерінің экспликациясына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Экспликацияға (қаулыға қосымша) сәйкес жалпы ауданы 3,0040 га Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы мекен жайында су жүйесін салу үшін, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Меншік иелерінің жүгінетін орны: Талғар ауданы, Талғар қаласы, Абылай хан көшесі, 93 үй, 1 қабат, 6 кабинет «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аскербековке жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                    Т. Айдарбеков

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 сентября 2025