ЖОБА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы
1-тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Талғар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналу нормаларын осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2) Талғар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін осы шешімнің
2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3) Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Аты-жөні
Талғар аудандық мәслихаттың
«_» ____________ 20__жылғы
№ ____ шешіміне
№1-қосымша
Талғар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері
|
№ |
Атауы |
Есептік бірлік |
ҚҚС-ты қоса алғандағы қызмет құны, теңге |
|
1 |
Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифі |
||
|
1.1 |
Жайлы тұрғын үйлер |
тұрғын / ай |
608 |
|
1.2 |
Жайсыз тұрғын үйлер |
тұрғын / ай |
699 |
|
2 |
Бірлікке (көлемге) жылдық тариф |
1 м³ |
3 645 |
Талғар аудандық мәслихаттың
«_» ____________ 20__жылғы
№ ____ шешіміне
№2-қосымша
Талғар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналу нормалары
|
№ |
Коммуналдық қалдықтарды жинау объектісі |
Есептік бірлік |
Жылдық норма (м²) |
|
1 |
Жайлы тұрғын үйлер |
1 тұрғын |
2,4 |
|
|
Жайсыз тұрғын үйлер |
1 тұрғын |
2,7 |
|
2 |
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да ұқсас нысандар |
1 орын |
1,49 |
|
3 |
Дүкендер, сауда нүктелері |
1 орын |
1,58 |
|
4 |
Балабақшалар, ясли және өзге де мектепке дейінгі мекемелер |
1 орын |
1,65 |
|
5 |
Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, конторлар, банктер, байланыс бөлімшелері |
1 қызметкер |
1,57 |
|
6 |
Емханалар, медициналық орталықтар |
1 қабылдау |
1,23 |
|
7 |
Ауруханалар және басқа да емдеу-профилактикалық мекемелер |
1 төсек-орын |
4,57 |
|
8 |
Мектептер және өзге де оқу орындары |
1 оқушы |
0,21 |
|
9 |
Мейрамханалар, кафе, басқа ойын-сауық орындары және қоғамдық тамақтану мекемелері |
1 отырғыш орны |
3,45 |
|
10 |
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казино, ойын автоматтары залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар |
1 отырғыш орны |
0,41 |
|
11 |
Мұражайлар, көрмелер |
1 м² жалпы алаң |
0,34 |
|
12 |
Стадиондар, спорт алаңдары |
Жоба бойынша 1 орын |
0,006 |
|
13 |
Спорт, би және ойын залдары |
1 м² жалпы алаң |
0,11 |
|
14 |
Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлар дүкендері, аралас дүкендер |
1 м² сауда алаңы |
0,6 |
|
15 |
Машинадан сауда жасау |
1 м² сауда орны |
0,41 |
|
16 |
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, лотоктар |
1 м² сауда алаңы |
0,11 |
|
17 |
Көтерме базалар, өнеркәсіптік және азық-түлік тауарлары қоймалары |
1 м² жалпы алаң |
0,32 |
|
18 |
Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері |
1 м² жалпы алаң |
0,53 |
|
19 |
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар |
1 м² жалпы алаң |
1,12 |
|
20 |
Жағажайлар, көше тазалау, жол шеттері |
1 м² жалпы алаң |
0,2 |
|
21 |
Дәріханалар |
1 м² сауда алаңы |
0,87 |
|
22 |
Автотұрақтар, көлік жуатын орындар, ЖМҚС |
1 автокөлік орны |
3,78 |
|
23 |
Автожөндеу шеберханалары |
1 қызметкер |
0,41 |
|
24 |
Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер |
1 гараж |
0,45 |
|
25 |
Шаштараздар, косметикалық салондар |
1 жұмыс орны |
1,98 |
|
26 |
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі |
1 м² жалпы алаң |
0,93 |
|
27 |
Зергерлік шеберханалар, аяқ киім, сағат жөндеу орындары |
1 м² жалпы алаң |
0,23 |
|
28 |
Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету (кілт жасау және т.б.) |
1 жұмыс орны |
1,85 |
|
29 |
Моншалар, сауналар |
1 м² жалпы алаң |
0,45 |
|
30 |
Қалалық аумақта бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар, саябақ қалдықтары |
1000 қатысушы |
1,15 |
|
31 |
Бақшалық кооперативтер |
1 учаске |
1,41 |