«Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
Регламентін бекіту туралы» Талғар ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 39 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 12) тармақшасына сәйкес Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аумақтық сайлау комиссиясының Регламенті мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 11-1) тармақшасының негізінде сайлау процесіне қатысушылар арасында құқықтық ағарту және сайлау мәдениетін арттыру шеңберінде диалог алаңдарын және жастармен, оның ішінде жас сайлаушылар клубы форматында өзара іс-қимылдың өзге де нысандарын құруға құқылы».
Төраға Д. Батталгазиев
Хатшы Г. Лепесова
Талғар қаласы,
2025 жылғы 8 тамыз
№ 32