Талғар ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2025жылғы 06 тамыздағы
№ 29 қаулысына қосымша
2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындалған
Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің әкімін
сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округінің әкімін (бұдан әрі-әкім) сайлауды тағайындау. |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 06 тамыз (113-1 б. 2-т, 3-т) |
|
2. Сайлау округінің шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы мәлеметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 16 тамыздан кешіктірмей (22 б. 2-т.) |
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 16 тамыздан кешіктірмей (13 б. 4- т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 21 тамыздан кешіктірмей (17 б. 2- т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Талғар ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде 2025 жылғы 21 тамыздан кешіктірмей (23 б. 5 т.) |
|
6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну. |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2025 жылғы 07 тамызда басталады және 2025 жылғы 19 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3 б. 1-т, 5- т.)
|
|
7. Әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп (4 б., 113-2 б.) |
|
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күнінен бастап (14 б. 8-1) т., 31 б.)
|
|
9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкім болуға кандидаттарды қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде (113-4 бап) |
|
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4 б. 8 -т.)
|
|
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2025 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу. |
|
|
|
Әкім болуға кандидаттар, Саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидатты тіркегенге дейін (113-5 б. 2 -т.)
|
|
12. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда, 2025 жылғы 1 тамызға (ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну |
|
|
|
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) Кандидатты тіркегенге дейін (113-5 б. 3- т.)
|
|
13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5 б.3 -т.)
|
|
14. Әкім болуға кандидатты тіркеу және оған тиісті куәлікті беру |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады 2025 жылғы 24 тамыздада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5 бап)
|
|
15. Әкім болуға кандидатты тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5 б. 9- т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. |
|
|
|
Талғар ауданының әкімдігі, Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28 б. 6- т.)
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 24 тамыздан жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 13 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27 б. 2- т.)
|
|
18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесуі кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Талғар ауданының әкімдігі және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28 б. 4- т.)
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну. |
|
|
|
Талғар ауданының әкімі Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын 2025 жылғы 25 тамызға дейін (24 б. 5 т.)
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2025 жылғы 30 тамыздан бастап (26 б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын 2025 жылғы 04 қыркүйекке дейін (18 б. 5) т., 38 б. 2- т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2025 жылғы 11 қыркүйектен ерте емес және 13 қыркүйекке дейін (37 б. 3 -т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат қалғанда 2025 жылғы 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (40 б. 1-т.)
|
|
24. Дауыс беруді өткізу. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38 б.1- т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18б. 8) т., 43 б.)
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (43 б. 8- т.)
|
|
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну. |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8 б.1 -т.)
|
|
28. Әкімді сайлаудың қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 17 қыркүйектен кешіктірмей (113-10 б.1- т.)
|
|
29. Әкімді сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 21 қыркүйектен кешіктірмей (44 б. 4-т. 4) т.)
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру.
|
|
|
|
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2025 жылғы 21 қыркүйектен кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.