Техникалық байқау және оны өткізу қағидалары

Мемлекеттік техникалық байқауға жылына бір рет тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер, механизмдер мен тіркемелер (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға тиесілі және «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөліміне» есепке қойылған өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналары мен механизмдері жатады.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында, ұйымдарда және мекемелерде комбайндар да жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді. Тракторшы-машинистердің куәліктерінің болуы тексеріледі. Белгіленген мерзімде техникалық байқауға ұсынылмаған машиналарды пайдалануға уақытша тыйым салынады.

Тұрақты есеп орнынан екі айдан астам мерзімге басқа аудандарға шығарылған машиналар уақытша тіркелген жері бойынша мемлекеттік техникалық инспектор белгілеген мерзімде техникалық байқаудан өткізіледі.


2025 жылға арналған техникалық байқау өткізу кестесі

(Талғар ауданы)

№ Ауылдық округтің атауы Өткізу күні Өткізу орны
1 Алатау а/о 03.07.2025 Әкімдік
2 Белбұлақ а/о 04.07.2025 Әкімдік
3 Тұздыбастау а/о 09.07.2025 Әкімдік
4 Бесағаш а/о 10.07.2025 Әкімдік
5 Кендалин а/о 11.07.2025 Әкімдік
6 Панфилов а/о 14.07.2025 Әкімдік
7 Гүлдала а/о 15.07.2025 Әкімдік
8 Нұра а/о 16.07.2025 Әкімдік
9 Қайнар а/о 17.07.2025 Әкімдік
10 Бесқайнар а/о 18.07.2025 Әкімдік
11 Талғар қ. 21.07.2025 Аудандық әкімдік

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Жеке тұлғалар үшін:

  1. Өтініш

  2. Өкіл болған жағдайда – сенімхат

  3. Техникалық паспорт

  4. Сенімхат

Заңды тұлғалар үшін:

  1. Өтініш

  2. Машиналар тізімі

  3. Техникалық паспорттар


Б. Айменов
бас маман (мемлекеттік техникалық инспектор)

 
 
Дата публикации
30 июля 2025