«Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2025 жылғы 1 жартыжылдығы
бойынша атқарған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді Бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік көмек беруге жергілікті бюджеттен 2025 жылғы 1 жартыжылдығына 1115,3 млн.тенге бөлініп, оның ішінде тек әлеуметтік жәрдемақы төлеуге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға гигиеналық құралдар мен жеке қызмет көрсетуге 1011,8 млн.теңге жұмсалды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 418 отбасына, 2296 алушыға 154,4 млн теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың мектеп жасына дейінгі 370 балаға 27,8 млн. тенге төленді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
- өз бетінше жүре алмайтын 1-ші топтағы 362 мүгедекке 362 жеке көмекші, ыммен сөйлесетін 13 маман 100 мүгедекке қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төмендегідей құралдармен қамтамасыз етілді:
Жыл басынан бері арнаулы әлеуметтік қызметтермен 82 бала қамтылып, оларға 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. 15 әлеуметтік қызметкер 89 жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, демеушілердің көмегімен көптеген қайырымдылық шаралар аудан көлемінде ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтқанда, Наурыз мерекесі қарсаңында «Алғыс айту», «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» және «Көрісу күніне» орай «Самға-Н» қоғамдық қоры, «От сердца к сердцу» волонтерлық ұйымның қолдауымен «Азия» мейрамханасында 100 мүгедектігі бар адамдарға және бөлімшеде қызмет алатын жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар балаларға қайырымдылық көмек жасалды.
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Талғар қаласы орталығында орналасқан «Тау Самалы» кафесінің демеушілігімен балаларға және ата-аналарға арнап «Наурыз мейрамы» мерекесі ұйымдастырылды.
1 -маусым балаларды қорғау күніне орай 2025 жылы 28 мамырында Тұздыбастау ауылында орналасқан «Tai -Tai» ойын сауық орталығы 30 бала барды. Сонымен қатар балаларға "Ai Family cafe" ұжымы өздeрінің тәтті тағамдарын балаларға ұсынды.
1 маусым «Балаларды қорғау күніне» орай «Клуб Добряков Алматы» еріктілері үйде арнаулы қызмет алушы 85 балаға тәттілерін таратты.
Медициналық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына орналасуға өтініш берген азаматтар келесі мекемелерге жіберілді: «Аяла» күндізгі болу орталығына –6 бала, КММ «Аяла» -2 бала, КММ «Бақанас» -2 адам, КММ «Шарапат» - 3 адам, КММ «Аманат» - 1 адам, КММ «Ақниет» - 1 адам, «АҚжол М» балаларға арналған күндізгі болу орталығына 105 бала жіберілді.
Бекітілген мемлекеттік Стандарт бойынша халыққа бөлім арқылы 17 түрлі мемлекеттік қызмет 14609 адамға көрсетілді.