Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінің ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметіндегі

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінің ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

 

 Талғар қ.                                                                         19 маусым 2025 жыл

 

КІРІСПЕ:

 

          «Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 44-н/қ ««Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ атқарылған қызметі  бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, 2025 жылдың 5 – 19 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау бөлім қызметінің 2024 жылғы қызметін қамтыды. 

          Бөлім өз қызметін 2021 жылғы 2 қарашадағы  №11-649 Талғар ауданының әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

          Бөлімнің миссиясы Ереже бойынша - ауданның экономикалық саясатын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

 

Бөлім өз кызметінде басшылыққа алады:

          - Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция Заңы;

          - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  2015 жылғы 18 қарашадағы  № 410-V  Қазақстан Республикасының  Заңы;

          - «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы,

- Қазақстан Республикасының  2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV

Бюджет Кодексі,

  • Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік

көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңы;

  • Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттiк

сатып алу туралы» № 106-VIII ҚРЗ Заңы;

  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV

«Мемлекеттік мүлік туралы»  Заңы;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы

17 наурыздағы № 212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

          - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920  «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қаулысы;

- Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің «Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну саласындағы мамандарға денсаулық сақтау , білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен және тұру үшін келген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу туралы»  2014 жылғы   6 қарашадағы №72,  бұйрығы;            

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы»№ 195 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 511 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламалар Әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» №195 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540  «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 " Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы  № 241 " Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы " бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 " Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы " бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2011 жылғы 2 тамыздағы "Мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы №390 бұйрығы.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау

2024 жылғы 1 шілдедегі ауданәкіміменбекіткенжәне"Б"корпусыныңфункционалдықблоктарынбөлужөніндегіКомиссиятөрағасыменкелісілген штат кестесінесәйкес, бөлім8  штатбірлігінен құралған. Сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінеішкіталдаужүргізу барысында босбірліктержоқ.

Бөліммамандарыныңміндеттеріменқұқықтарылауазымдықнұсқаулықтарменбекітілген.

Кадрлықжұмыстар барысында сыбайлас жемқорлықтәуекелдерітуындағанжоқ.

 

 

 

  1. Мүдделер қақтығысы.

 "ҚРмемлекеттікқызметітуралы"ҚРЗаңының51-бабын орындау үшін "егермүдделерқақтығысы болса, мемлекеттікқызметшігелауазымдықөкілеттіктерінжүзеге асыруға тыйым салынады".Бөлімдемүдделерқақтығысы орын алған жоқ.

Бөліммамандарынантуындағанжанжалтуралыжазбашахабарламалартіркелгенжоқ.Мемлекеттікқызметшініңөтініші келіп түскенкезденемесе мүдделер қақтығысының туындағанытуралыбасқакөздерденақпараталған кезде бөлімбасшысымүдделерқақтығысыныңалдын - алу жәнереттеужөніндеуақтылышараларқабылдайтын болады.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

Бөлім мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді 1 сала бойынша көрсетіледі. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шараларын көрсету үшін сұранысқа ие мамандықтардың тізбесіне сәйкес «Дипломмен  ауылға» бағдарламасымен   әлеуметтік  саланың    маманына  бір  жолғы    көтерме  жәрдемақы төлеу, маманға   үй  сатып  алуға  несие   беру үшін өтінімдер «Мемлекеттік корпорация» арқылы  қабылданып, бағдарлама ережелеріне сәйкес мамандарға аудан әкімінің қаулысы  қабылданып, берілді.

2024 жылға аталған бағдарламен 50  маман  16614 мың теңге бір  жолғы  көтерме  жәрдемақы алды оның ішінде:білім беру саласы -20, денсаулық сақтау саласы -14, мәдениет -2, ветеренария-4, мемлекеттік қызметшілер-5.

Үй  сатып  алуға 10 маманға несие   берілді, оның ішінде: білім саласының мамандары – 3, денсаулық сақтау – 3, ветеренария - 3, мемлекеттік қызметшілер -1.

Негізсіз өтінімді қайтару анықталмады.

 

  1. Заңды тұлғаларға коммуналдық мүлікті жалға беру.

Заңды тұлғаларға коммуналдық мүлікті жалға беру, сенімгерлік басқаруға беру, жекешелендіру шарттары мемлекеттік сатып алу  негізінде, электронды түрде «Мемлекеттік мүлік тізілімі» арқылы жасалады. Жалға беру,  жекешелендіру туралы хабарламаны жариялаудан бастап жеңімпазды айқындауға дейінгі бүкіл процесі тізілімнің веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Осылайша, коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру, жалға беру, процесінің абсолютті ашықтығы мен қашықтығы қамтамасыз етіледі.

Ішкі талдау нәтижелері бойынша дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ.

 

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

 Бөлім бақылау-тексеру функцияларын көрсетпейді.

 

 6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Бөлім - бюджеттікбағдарламалардың әкімшісі 459,экономика және қаржысаласындағыжергіліктідеңгейдемемлекеттіксаясатты іске асыружөніндегі001қызметтербағдарламасы, 015кіші бағдарламасы жергіліктібюджет қаражаты есебінен 2024 жылға 80 490 мың теңгебөлінді.Бөлінгенсома99,7%игерілді.Бюджетқаражатымақсатыбойыншапайдаланылды:бөлімніңқызметінқамтамасыз ету,оныңішіндежалақы,салықтар,аударымдар,коммуналдыққызметтерменжұмыстарғаақы төлеу.Қаражаттыбөлутиістікезеңге арналған бюджеттікөтінімгесәйкес жүзеге асырылды.

Бөлімдегі бухгалтерлік есеп жәнесалықесебіавтоматтандырылған1С:Мекемебағдарламалықөніміарқылыжүргізіледі.

Бөлімніңоперациялыққызметі"Қазынашылық-клиент"АЖарқылыжүргізіледі.Бұлжүйе қазынашылық органдарынамемлекеттікмекемелерденжіберілетінқұжаттардықабылдаужәнеөңдеубойыншаҚазынашылықфункцияларынавтоматтандырудықамтамасыз етеді.

Бөлімдегіқаржылықжәнеоперациялыққызметтікпроцесс «сыбайлас жемқорлықтәуекелдерініңобъектісі»болыптабылмайды, себебі қызметавтоматтандырылғанжәнеайқын."Ақпаратқа қол жеткізутуралы"Заңның6-бабының9-тармағына сәйкес,бюджетқаражатынигеру «ашық»және «айқын» болып табылады.

Ақпарат"электрондықүкімет"веб-порталыныңтиістікомпоненттерінде"Ашықбюджеттер" - бюджеттік бағдарламалардың жобалары, бюджеттікбағдарламалар,Азаматтықбюджет,бюджеттің атқарылуы орналастырылған.       Бақылау-тексеруоргандарыбөлімніңқаржы-шаруашылыққызметінетұрақтынегіздетексеру жүргізеді.

Алматы облысы бойынша  тексеру комиссиясымен 2025 жылдың 10-20 ақпаны аралығында  2023 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 31 желтоқсаны аралығына аудиторлық есеп жүргізілді.

Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер ҚР Салық заңнамасына сәйкес есептеледі және төленеді (ҚР Кодексі "25.12.2017 жылғы №120-VI ҚРЗ бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер).

 

7.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Мемлекеттіксатып алу "ҚРМемлекеттіксатып алу туралы"2024жылғы 1 шілдедегі №106-VIIIҚРЗЗаңынегізіндежүргізіледі.

Бөлімніңқызметінқамтамасызетуүшін қажетті тауарлардысатып алу немесеқызметтерменжұмыстарды көрсету мемлекеттіксатып алу порталыарқылыжүргізіледі.Мемлекеттіксатыпалу95% баға ұсыныстартәсілімен,5%электрондықдүкен"Оmarket.kz" жүргізіледі.

Мемлекеттіксатып алу қорытындысы бойынша жеңімпаздармен көрсетілетін қызметтерді,жұмыстарментауарлардымемлекеттіксатып алу туралышарт жасалады.Заңдыжәнежекетұлғаларжеңімпаздептанылады.Төлемтауарлардыжеткізужәнежұмыстарғақызметкөрсетуфактісібойыншажүргізіледі.

Кез-келгеннақтыкәсіпорындардың,ұйымдардыңмүдделерінеартықшылық беру немеселоббизм жасау мүмкінемес, себебі Мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарыавтоматты түрде мемлекеттіксатып алу порталыанықтайды.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды өткізупроцессы"мемлекеттіксатып алу туралы"ҚРЗаңының14-бабының3-тармақшасынажәне23-бабынасәйкес,уәкілеттіорганведомствосыныңаумақтықбөлімшесінентұрақтынегіздекамералдықбақылауданөтеді.

Заңғаүнеміөзгерістерментолықтыруларенгізу сыбайлас жемқорлықтәуекелдерініңалғышарттарыназайтады.

 

8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

 Бөлім -Ақпараттықжүйелердіәзірлемейді. Бөлімақпараттықжүйелерменжабдықталған,оныңішінде1СМекеме,электрондық құжат айналымыныңбірыңғайжүйесі(ЭҚАБЖ),еOtinish,eqyzmet.АЖ-дажұмыс істеу үшінәрмаманныңесептікжазбасы болады.ТұрақтынегіздемамандарАЖдеректерінде жұмыс істейді.

АЖарқылыбөлімде құжат айналымы,кадрқызметі,Мемлекеттікқызметтеркөрсетубойыншаөтініштердіңтүсуіжүргізіледі.

 

9.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

"Мемлекеттікжәне мемлекеттік емесұйымдардақұжаттандыру,құжаттаманыбасқаружәнеэлектрондық құжат айналымыжүйелерінпайдалануқағидаларынбекітутуралы"ҚазақстанРеспубликасыМәдениетжәне спорт министрінің 2023жылғы25 тамыздағы №236бұйрығы Құжат айналымыэлектрондық құжат айналымыныңбірыңғайжүйесі(ЭҚАБЖ)арқылыжүзеге асырылады.

Бөлім мамандары "Documentolog"АЖесептікжазбасына ие, жұмыс"Documentolog"АЖбойынша100%жүргізіледі.

Тексерілетінкезеңде келіп түскенхат-хабарлардың жалпысаны–269, шығатын хат-хабарлар-308 құрады.Оның81%мемлекеттіктілде. Хат-хабарлардың95%мемлекеттікоргандардан келіп түседі.

Осысалада сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріанықталмады.

ҚазақстанРеспубликасының 29.06.2020 жылғы№350-VIӘкімшілікрәсімдік-процестіккодексіМемлекеттікоргандардыңішкіәкімшілікрәсімдерінжүзеге асыруға байланыстықатынастардыреттейді.Кодекспенреттелетінқатынастардыңқатысушыларымемлекеттікоргандар,лауазымдыадамдар,сондай-ақ жекежәнезаңдытұлғалар болып табылады.Бөлімдебұлпроцесс eotinish азаматтарыныңбарлықөтініштерінқабылдауменөңдеудіңбірыңғайплатформасыарқылы жүзеге асырылады.

Бөлімніңбарлықмамандарыныңосыплатформағакіружәнежұмыс істеу үшінесептікжазбасыбар.

Келіп түскенөтініштердітіркеу,маршруттау,қарау,орындауҚР ӘРПК баптарынасәйкесжүргізіледіКеліптүскенөтініштердіңнегізгікөлеміМемлекеттікқызметтер бойынша ақпаратберутуралысұрау-салулар болғандықтан,"Тіркеуші"Мемлекеттікқызметтер көрсетуге жауаптымаман болып айқындалды.

Тексерілетінкезеңде - 41өтініш келіп түсті,оныңішіндеөтініштер - 31,сұраныстар - 4,ұсыныстар - 2.

Келіп түскен  өтініштерқаралып, дұрыс шешімдер  қабылданды.

Ұсынылады: Қазақстан Республикасының 29.06.2020 жылғы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қатаң сақтау Өтініш берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу (қадамдық нұсқаулық, бейнероликтер, брошюралар): өтінішті жіберген кезде "Орындаушыны" нақты таңдау. Сондай-ақ, өтініштерді басқа мекемелерге "отписка" жасайтын жауапты мамандар мұқият болуы қарастырылсын.

 

Жұмыс тобының жетекшісі

 

Жасыбаева Г.Б.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Бекенова Г.Ы.

 

Кульжаева Э.Ш.

 

Доскараева Ш.Б.

 

Абильдаева Л.Т.

 

Мусаева А.М.

 

Дата публикации
17 июля 2025