Бесқайнар ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 15 маусымда Талғар ауданы, Бесқайнар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2546 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1 178 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 13 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Талғар ауданы, Бесқайнар ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Жабаев Арман Асылбекұлы үшін сайлаушылардың 783 дауысы берілді;
Мұхамедиев Дархан Ақпаржанұлы үшін сайлаушылардың 289 дауысы берілді;
Сәрсенбаева Жанат Маратқызы үшін сайлаушылардың 97 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 7.
Сайлау қорытындылары бойынша Бесқайнар ауылдық округінің әкімі болып:
1982 жылы туған, «Бесқайнар ауылдық округінің әкімі, Бесқайнар ауылының тұрғыны Арман Асылбекұлы Жабаев сайланды.
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы