Алматы облысы Талғар ауданы
Бесағаш ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 15 маусымда Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 17 282 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 3 462 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 23 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Ахметов Ғалымжан Балмұхамбетұлы үшін сайлаушылардың 721 дауысы берілді;
Жүнісов Ернат Ниетбайұлы үшін сайлаушылардың 2005 дауысы берілді;
Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы үшін сайлаушылардың 680 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 27.
Сайлау қорытындылары бойынша Бесағаш ауылдық округінің әкімі болып:
1974 жылы туған, «Бесағаш ауылдық округінің әкімі, Тұздыбастау ауылының тұрғыны Ернар Ниетбайұлы Жүнісов сайланды.
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы