Алматы облысы Талғар ауданы Алатау ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттардың ұсыну туралы қорытынды ақпарат

 

Алматы облысы Талғар ауданы Алатау

ауылдық округінің

әкімі болуға кандидаттардың ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,                        2025 жылғы 7 мамырда  Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы                         2025 жылғы 15 маусымға  Алматы облысы Талғар ауданы Алатау ауылдық округінің әкіміне сайлауын тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамдары, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және «Alatau Zhuldyzy» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 7 учаскелік сайлау комиссиялары, 60 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Алатау ауылдық округі  бойынша сайлаушылар саны 12592 адамды құрайды.

2025 жылдың 8 мамырынан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2025 жылдың  20 мамырдағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен,  1 кандидат «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 20 мамырда сағат              18:00-де аяқталды.

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2025