Талғар ауданының 2025 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы анықтамасы

Талғар ауданының

2025 жылғы   1 тоқсандағы   әлеуметтік – экономикалық  даму  қорытындылары туралы  анықтамасы

 

Бюджет   

 

Жалпы  бюджетке  21475,9 млн.теңге салықтық  түсімдер  жиналып,  жоспар 147,0% орындалған.  Оның ішінде:

Республикалық  бюджетке  12122 млн.теңге түсті,  жоспар 133,5%  орындалды.

Жергілікті бюджетке  11673,1 млн .теңге   түсімдер   жиналып, жоспар 130,0% орындалды.

Жергілікті  бюджеттің ішінде:

-аудандық бюджетке 3021,8 млн.теңге  түсіп,  болжам  116,8 %   орындалған.

-ауылдық бюджетке 3223,4 млн теңге  түсті, болжам 155,7 %-ға  орындалды.

 

Бюджет  шығындарының  көлемі  3564,2  мн. теңгеге жетіп,   жоспар  99,9 %-ға орындалған.

 

 

Ауылшаруашылығы

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жиынтық көлемі  6797,9 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 106,3 %.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.Құдайбергеновтың 2025 жылғы 11 наурыздағы тапсырмасына сәйкес, үстіміздегі жылы егіс алқабы 19969,7 гектарды құрамақ. Оның: 9968,1 гектары дәндік-дақылдар, 2614 гектары майлы дақылдар, 689,2 гектар картоп, 915 гектар көкөніс, 100 гектар бақша, 5683,4 гектар мал азықтық дақылдар.

2770 га  күздік дәндік дақылдардың (1734 га бидай, 60 га арпа, 976 га тритикали), бүгінгі күнге жағдайы қанағаттандырарлықтай. 

Бүгінгі күнге 370 га алқапқа жаздық дақылдар егілді. 

Аудан егіс науқанын ойдағыдай өткізуге техникамен толық жабдықталған, дайындығы 100 % құрайды. Көктемгі егіс науқан жұмыстарына 614 трактор, 457 трактор тіркемесі, 229 соқа, 154 культиватор, 250 тырма, 218 тұқым сепкіш жұмылдырылады.

4509 тонна минералды тыңайтқыштар «КазАзот», «Каз Фосфат» «АгроМарт», «Алем Агро» фирмаларымен келісім – шарт жасалынып, сатып алынды (2024 ж. 3707 тонна) .

Ағымдағы жылы су үнемдеу технологиясын 3664 гектар алқапқа (о.і.: 3010 га тамшылату әдісі, 654 га жаңбырлату әдісі) енгізу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

 

11 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Агро-аймақ пилоттық жобасы аясында Өстемір ауылындағы 14,0 га жерге құс шаруашылығын дамытуға құжаттар «Қонаев» әлеуметтік корпорациясының атына рәсімделді.

2327 тонна ет (былтырғы жыл деңгейінен 79 тоннаға артық, орындалу деңгейі- 103,5 %), 9060 тонна сүт (757 тоннаға артық, 109,1 %), 8279 мың дана жұмыртқа (121 мың данаға артық, 140,8 %) өндірілді.

Мал мен құс басын  көбейту мақсатында,         «Алель Агро» АҚ Венгрия мемлекетінен  63 мың  бас «Arbor Acres»  асыл тұқымды тәуліктік балапандарды 260,0 млн.теңгеге сатып әкелді.  

Жалғамыс ауылында "Fresh Storage Center" ЖШС 5000 тонналық көкөніс қоймасын іске қосты. Инвестиция көлемі 540 млн.теңгені құрады. 5 адам жұмыспен қамтылды.

  2025 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша,  жерлерді түгендеу қорытындысы негізінде пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары бойынша жалпы көлемі 7450,3524 га 71 жер телімі анықталды.      Көлемі 186,32 га 12 жер теліміннің пайдаланылмай жатқандығы туралы  мониторинг жұмысының қортындысы Алматы облысы Жер ресурстарын басқару депортаментіне бекітілген ережеге сай тапсырылды.

 

 Өнеркәсіп

Өнеркәсіп орындарымен өндірген өнім көлемі 27657,3 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі – 126,5 % .

1  жаңа   өндіріс  орындары  ашылды, 10 адам  жұмыспен  қамтылды, 120,0 млн. теңге  инвестиция  тартылған:

- Еркін ауылында "Ұланбек" ЖК жиһаз цехы ашылды (өндіріс алаңы-300 ш.м,өндірістік қуаты 250 млн.теңгеге жылына 10 мың. жиһаз өнімдерін жасап құрастыру).

        «Қайрат» индустриялық аймағында 22 инвестициялық жобалар іске асырылуда, инвестициялардың жалпы сомасы 487,9 млрд теңге, 2200 - ден астам тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарда.

 Оның ішінде 2025 жылы жалпы сомасы 15,4 млрд.теңгеге 4 жоба іске асырылмақ (211 жұмыс орны).

 

 

Шағын және орта бизнес

 

Шағын және орта бизнес  саласындағы белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 23054  құрап,   42044  адам жұмыспен  қамтылған.

97,3  млрд.теңгенің  өнімі өндіріліп,  2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда  38,4 млрд теңгеге өстті.

Бюджетке 9,7 млрд. теңге салықтық түсімдер жиналып жалпы бюджеттің 45,1 пайызын құрады.

Ұлттық жоба аясында «ДАМУ» қоры арқылы 2025 жылы 7 жоба жалпы сомасы 1741,5 млн. теңге қаржы алды, оның ішінде 6 жоба 1618,9 млн. теңгеге субсидия алды :

-«Plastic Pro Invest» ЖШС-сі -кеңейтуге(105,0млн.теңге);

-«Интеллсервис» ЖШС -цифрлық машина алу(436,5млн.теңге);

-«TalgarCityPlaza» ЖШС-сі -қауіпсіздік шараларына(15,0млн.теңге);

-« KERUEN PLUS» ЖШС- -құрал-жабдықтар сатып алу(673,0млн.теңге);

-«ALEM Metal» ЖШС  -құралдарға(60,0млн.теңге);

-«P.T.Z.» ЖШС -жабдықтар сатып алу(179,5млн.теңге);

-«Толкунова Ж.В» ЖК -жөндеу жұмыстарына(150,0млн.теңге) және 1 жоба («Интеллсервис» ЖШС)-122,6 млн. теңгеге несие кепілдігін алды.

 

 Жыл басынан бері 16 шағын және орта бизнес нысаны ашылды  (3 кафе, 3 дүкен, 1 ресторан, 2 сауда кешені, 1 сауда үйі, "Арзан" оптомаркет,    ), мұнда 106 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп 571,5 млн. теңге инвестиция тартылды.

 

 

Инвестиция

Негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі  15114,8 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 108,5 % (2024ж-26, млрд.теңге).  

Инвестицияның  9663,3. теңгесі  (64,2%)  кәсіпорындардың  өз қаражаттары  есебінен.

         Ауданда жалпы құны 683,0 млрд. теңгені құрайтын 32 ірі  инвестициялық жобалар бар (4282 жұмыс орындары).

Оның ішінде 2025 жылы инвестиция көлемі 16,418 млрд.тг. құрайтын 7 жоба іске асу сатысында.

 

Туризм саласында 37 туристік нысан жұмыс істейді, (Талғар қаласы-7, ауылдық округтерде-30 нысан), 521 адам жұмыспен қамтылған.

2025 жылдың 1 тоқсаны бойынша көрсетілген қызметтер 1042,8 млн.теңгені (2024ж–975,0млн.тг.) құрады, келушілер саны–28,8 мың адам (2024ж–24,6 мың адам).

 “Aqua Asia” туристік кешенінің құрылысы 2025 жылдың шілде айына жоспарланып отыр, кешеннің жалпы аумағы — 8,5 га; жобаның қуаттылығы — тәулігіне 1000 туристке дейін қабылдау мүмкіндігі немесе жылына 300 мыңнан астам адам, инвестиция көлемі - 5,0 млрд тг., 153-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақшы.

 

Құрылыс жұмыстары, тұрғын үй

Құрылыс  жұмыстарының  көлемі 7984,7 млн.теңгеге  орындалып, нақты  индекс  көлемі -97,1% құрады.

Себебі:

Өткен жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша «Алматы» магистральды газ құбырларын басқару «Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы   Қайрат индустриялық аймағына газ құбырының құрылысы жүргізілді, жұмыс көлемі -3,2 млрд. теңге құрады.  Жұмыстар аяқталды.

 

Алматы облысы әкімінің орынбасары Ә.Масабаевтың бекітілген жоспар бойынша 41988 ш.м құрайды, бүгінгі таңда 50000 ш.м тапсырылып, жоспар 110% орындалды. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 16 %  төмендеді.

2025 жылға жылдық жоспар 251578 ш.м құрайды, жоспар 100% орындалады.

 

Талғар қаласында бір 72 пәтерлі тұрғын үй аяқталды және пайдалануға берілді.

Инженерлік коммуникациялық желілер тартылды және қосылды, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысанды тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне беру жұмыстары жүргізілуде.

72 пәтерлі он үш тұрғын үйдің жобалары аяқталды, сондай-ақ Талғар қаласындағы жаңа шағынауданының сумен жабдықтау және кәріз магистральдық желісінің жобасы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды.

 

Коммуналдық шаруашылық  саласы

 

Су жүйесі

2024 жылдан бері Бесағаш, Кіші Байсерке, Ақдала ауылдарының су құбыры жүйесін салу жұмыстары аясында 83 шақырым су желілері салынуда.

Сондай ақ, Бесқайнар ауылында ұңғымаларды бұрғылау жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды, құрылыс құны – 430,8 млн. теңге.

Жобаларды жүзеге асыру мақсатында, желілердін тозу деңгейі 90 %-дан 65 %-ға төмендейді және 12 елді мекендегі 125 мың халық сапалы сумен қамтылады.

Рысқұлов ауылын сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс жобасы әзірленді. Құрылыс құны – 1 млрд. 758 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім ұсынылды.

 

Электр жабдықтау

Аудан аумағында жалпы 1996 ТП және 2192 км. электрмен жабдықтау желілері бар.

Жобалар аясында 37 трансформатор, 132 шақырым электр желісі салынып, 5 ауылдың 14 мың тұрғыны сапалы электрмен қамтылатын болады.

 

Жылумен жабдықтау

Талғар ауданында 252 көпқабатты үй бар, оның 138 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылған. Қамтылмаған 114 тұрғын үйді жылумен жабдықтау мақсатында 68 көпқабатты тұрғын үйге 19 блокты-модульды қазандықты орнатуға жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде, Талғар қаласының Бокина-Шаяхметова көшесі, Кеңдала, Ақтас, Алтын Дән ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталып. 15 тұрғын үйдегі, 312 пәтер немесе 1 232 тұрғын жылумен қамтылды. 9 жоба аясында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 4 жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, конкурстық рәсімдер жүргізілуде. 2 жоба сараптамадан өтуде.

 

Ағымдағы жылдың басынан аудан аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 4 жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шараларға 9 241 адам қатысты.

Сенбілік барысында 835 тонна тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жиналды, 620 гектардан астам аумақ санитарлық тазартудан өткізілді, 25 шақырымнан астам арық жүйелері тазаланды. Сонымен қатар, көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2 950 ағаш көшеті отырғызылды. 11 апаттық қоқыс үйіндісі жойылды.

 

Жолдар

2025 жылы Талғар ауданы бойынша 78,6 шақырым жолдарды  жөндеу жоспарланып отыр, бюджеттен 3,6 млрд қаражат қарастырылды. 19 жоба жүзеге асырылады.

Оның ішінде:

-Орташа жөндеу жұмыстарына: 35,7 шақырым  жолды жөндеуге 1,6 млрд.тг. қаражат бөлінді. (9 орташа).

-Ағымды жөндеу жұмыстарына: 34,8 шақырым  жолды жөндеуге 1,4 млрд.тг. қаражат бөлінді. (6 маршрутты тәсілмен ағымды жөндеу).

-«Жайлы мектеп» жобасы аясында мектепке кіре беріс жолға 8,1  шақырым жол жөндеу жұмыстарына 590 млн.тг. қаражат қарастырылды. (3 орташа ж/е 1 маршрутты тәсілмен ағымды жөндеу).

Қазіргі таңда, 7 жоба бойынша ашық электронды конкурс жүргізілуде.

Бүгінгі күні, Тұздыбастау ауылдық округінде, Қайнар ауылдық округі  жолдарды  орташа жөндеу жұмыстары басталды.

 

Жолаушы тасымалы

Аудан бойынша 11 ауданаралық автокөлік маршруттарында 46 автобус жұмыс жасайды. Тасымалдау қызметін «Тұлпар экспресс-А» ЖШС жүзеге асырады. Электрондық билет «Алем Пэй» жүйесі жұмыс істейді. Жол ақысы 120тг өзгертілді.

Оқушылардың жол ақысы 50% жеңілдікпен 60 теңгені құрайды. Алтын алқа, Күміс алқа иегері және 1-топ мүмкінгіді шектеулі жандарға жол ақысы тегін.

 

Әлеуметтік  сала

 

Білім саласы

Ауданда үш ауысымды оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында        10 200 орындық 11 мектеп  салу жоспарланды. Оның ішінде: 2023-2025 жылдарға жоспарланған  5700 орындық 7 мектептің құрылыс жұмыстары биыл аяқталады.  (Айғаным ы.а, Жалғамыс, Төңкеріс, Талдыбұлақ (600 орын), Қызылту, Жаңалық (900 орын), Тұздыбастау (1500 орын).

2025-2026 жылдары 4500 орындық 4 мектеп салынады. (Талғар 1500 орын), Байбұлақ (1200 орын),  Кеңдала, Тұздыбастау   (900 орын).

 

Бала- бақша

Ауданда барлығы 187 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді 6 (1140 бала) мемлекеттік балабақша, 181 (17541бала) жекеменшік балабақша.

Мектепке дейінгі 1 мен  6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 98,6 %, 3 жастан 6 жасқа дейін - 99,7% құрайды.

 

Денсаулық сақтау саласы 

Аудан тұрғындарына 1 аудандық  орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункті, 9 медициналық пункті және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді.

 

Халықты еңбекпен қамту

«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде осы жылы  2025 жылға 1566  жұмыс орнын құру жоспарланған. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 1354 жұмыс орны құрылып , 957 тұрақты  жұмыс орындары құрылды. 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 361 отбасына, 1963 алушыға 52,2 млн.теңге  төленген.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға берілетін кепілдік әлеуметтік пакеттерге 7,7 млн. тенге төленді.

    Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру

Ауданда   247  спорттық нысан  халыққа қызмет көрсетуде.  Оның  ішінде,       3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешен, 9 жүзу бассейн, 64 спортзал, 60 спорт лаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық  хоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объектілері.

Жоспарға  сәйкес  86 іс-шаралар өткен, 14 мыңнан аса адам қатысты.

 

Мәдениет

Аудан тұрғындарына  17 мәдениет ошақтары  қызмет көрсетеді: аудандық мәдениет үйі, саңыраулар клубы, Тұздыбастау, Нұра, Қызыл-Қайрат, Бесағаш ауылдық мәдениет үйлері, аудандық кітапхана,  балалар кітапханасы, Нұра, Панфилов, Қызыл –Қайрат, Белбұлақ, Кеңдала, Гүлдала, Төңкеріс, Тұздыбастау  ауылдық кітапханалары,

Мәдениет үйлерінде 238 іс - шара  ұйымдастырылды, қатысушылар саны - 52738 адам.

 

«Дипломмен  ауылға» бағдарламасымен әлеуметтік саланың 25 маман  9,8  млн.  теңгеге    бір  жолғы    көтерме  жәрдемақыларын  алған.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы тіркелуі 14,9 % (542-ден 461-ге дейін) төмендеді.

Сонымен қатар, ауырлығы орташа қылмыстардың тіркелуі  7,5 % (318-ден 294-ке дейін) төмендеді.

Жалпы аудан бойынша қылмысты ашу көрсеткіші 6,6 % (68,9%-дан 75,5%-ға дейін) өсті.

Аудан аумағында денсаулыққа ауыр зиян келтіруді тіркеу саны 2,5 % (10-нан 4-ке дейін) төмендеген.

Ауыр санаттағы бөтеннің мүлкін ұрлауды ашу – 16,7 % (100-ден 83,3-ке дейін) төмендеген.

Мал ұрлығының тіркелуі – 3,0 % (6-дан 2-ге дейін) төмендеп отыр. Ағымдағы жылы аудан аумағында 25 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

1 тоқсанының қорытындысына бойынша 1 қылмыстық іс П-2 санатында, мерзімнен асып тіркелген.

27 (2024ж.-34) қылмыскер іздеуде болды, олардың ішінде өткен жылдардағы 19 (2024ж.-18), қалғаны 21 (2024ж.-20) құрады.

         

 

 

                                                                            Экономика және қаржы бөлімі    

Дата публикации
20 мая 2025