Талғар ауданы бюджетінің атқарылуы туралы 2024 жылдық есебі

Талғар ауданы  бюджетінің

атқарылуы туралы 2024 жылдық  есебіне

түсіндірме  жазбасы.

 

Аудандық бюджеттің   кірістер көлемі 26 млрд. 105,3 млн.теңгеге жоспарланып, 26 млрд. 723,8  теңгеге, 102,4 пайызға орындалды, 618,5 млн. теңге артық түсті.            

Кірістер құрылымында   меншікті кірістер 39,1 пайыз немесе 10 млрд. 441,1 млн. теңге, оның ішінде:

-Салықтық түсімдер  7 млрд.  957,2 млн. теңге түсіп, жоспар 109,1 пайызға орындалды,

 -Салықтық емес түсімдер жоспары – 336,3 млн. теңге, 91,9  пайызға орындалды,

-Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2 млрд.147,6 млн. теңге, 107,3 пайызға орындалды.

-Трансферттер түсімдері  46,7 % немесе 12 млрд.  479,9 млн. теңгені құрады.

- Қарыздарды өтеу  -81,1 млн.тенге  (0,3 %);

- Қарыздардың түсімі   3 млрд.  133,2 млн. тенге  (11,7 %);

-Жыл басындағы бос қалдықтарды бағыттау  588,5 млн.тенге  (2,2 %);

 

Аудандық бюджеттің   шығыс бөлігі 24 млрд. 858,1 млн.теңген құрап, жоспар  95,2 пайызға орындалды (жоспар   26 млрд. 105,3 млн.теңге) .

2024 жылдың қорытындысы бойынша орындалмаған  қаржы 1 млрд.247,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

          Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде 921,2 млн. теңге, оның ішінде:

          - 919,4 млн. теңге Талғар қаласындағы  селден қорғау бөгетінен  бастап №2 алаңға дейін магистралды су тартқыштың құрылысы  жобасы  құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты түзетуде болғандықтан игерілмеген (2024 жылдың 6 қарашасында мемлекеттік  сараптамадан теріс қорытынды алынып, 2024 жылдың  19 қарашасында  қайтадан  сараптама порталына жүктелді, сараптама қорытындысы 2025 жылдың 6 ақпанында алынды).

          - 1,5 млн. теңге «Талғар қаласы Бокина  көшесіндегі №12 және Шаяхметов көшесіндегі №32 көп пәтерлі үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін газбен  жұмыс істейтін блокты модульді қазандықтың  құрылысы»  нысаны бойынша жұмыс көлемінің азаюына байланысты үнемделген қаражат.       

          -247,4 мың теңге үнемделген қаражат

          Талғар ауданының құрылыс бөлімінде 315,1 млн. теңге, оның ішінде:

          -274,8 млн теңге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін  тұрғын үй сатып алудан    үнемделген қаражат;

          -40,3 млн. теңге    Талғар қаласында 72 пәтерлі тұрғын үй салу (5-дақ) мердігермен құрылыстың жоспарланған мерзімі 2024 жылғы 30 желтоқсанында аяқталмауыны байланысты игерілмеген. Құрылыс бөлімімен Алматы облысының экономикалық сотына 2025 жылғы 29 қаңтарда мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды жосықсыз деп тану және  тұрақсыздық айыбын өндіріп алу үшін талап арыз берілді.

          Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 4,0 млн. теңге әлеуметтік  төлемдерден, мемлекеттік сатып алудан, іссапар шығындарынан үнемделген  қаражат;

          Аудан әкімінің аппараты 5,0 млн. теңге «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар»  бағдарламасынан  үнемделген қаражат.

          Ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі  1,2 млн. теңге "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде Алатау ауылдық округі, Амангелді, Қызыл Қайрат ауылындағы жолдарды орташа жөндеу, мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражат.

          Аудан бойынша үнемделген қаражат -0,6 млн. теңге.

 

          Функционалдық топтар бойынша бюджет қаражатын игеру:

          «Жалпы сипаттағы  мемлекеттік  қызметтер» тобына 770,7 млн.  теңге жоспарланып,   100,0 пайызға, игерілді (жалпы шығыстардың 3,0 %).  Оның ішінде мемлекеттік  органдардың  аппараттарын  ұстап тұруға және күрделі шығындарына   477,9 млн. теңге. Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер  ауылдық округтердің аппараттын ұстап тұру шығындарына 162,3  млн. теңге, облыстық бюджет есебінен    Бесағаш ауылы, Бурабай шағын ауданы Баянауыл, Алтай көшелері орналасқан аумақтағы тау жынысының көшу қауіпін алдын алу үшін көшкінге қарсы іс шараларға: инженерлік қорғау, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына 120,6  млн. теңге жұмсалынды.

 

«Қорғаныс» тобына 81,9 млн.теңге  теңге  бөлініп, 76,9 млн. теңгеге, 93,9 пайызға  орындалды (жалпы шығыстардың 0,3 %). Жалпыға  бірдей  әскери міндетті  атқару шеңберіндегі  іс  шараларды   атқару  25,6 млн. теңге  игерілді.

Аудан  ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға 37,6 млн.теңге игеріліп,  Талғар өзенінің   № 19 бассейніндегі мұздық көлінің эвакуациялық каналына, Талғар өзеніндегі селді ұстап тұрған бөгетін ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру және селден қорғау платинаны тазарту жұмыстары жүргізілді.

Аудан  аумағындағы  дала өрттерінің, елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларға 13,7  млн теңге игеріліп, Бесқайнар, Панфилов, Қайнар ауылдық округтерінде өрт  сөндіру бекеттерін ұстап тұру шығындарына, құралдар, жағар май сатып алуға   жұмсалды.

«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық сот, қылмыстық атқару қызметі»  тобына 116,2 млн. теңге игерілді (жалпы шығыстардың 0,4%). Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету мақсатында 250 дана жол белгілері орнатылды, 1500 шаршы метр  жаяу жүргіншілер жолағы сызылды және жаңартылды, ⁠5 шақырым ыстық пластикпен осьтік сызық сызылды, 22 жарықтан- дырылған жаяу жүргіншілер өткелі, 40 аялдама және 3 бағдаршам орнатылды.

 

         «Әлеуметтік  көмек  және  әлеуметтік  қамсыздандыру»  тобына  2 млрд. 631,6 млн. теңге  бөлініп, 2 млрд. 627,6 млн. теңгеге,   99,8 пайызға игерілді (жалпы шығыстардың 10,1 %),келесі мақсаттарға жұмсалды:

         Мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмекке  аз қамтылған отбасыларға   557,0 млн. теңге  игеріліп, 1024 көп балалалы отбасы, 5686  отбасы мүшелері көмек алды.      

          Ауылды  жерлерде  тұратын  денсаулық  сақтау , білім  беру, әлеуметтік  қамтамасыз  ету, мәдениет  мамандарына  отын  сатып  алуға 3407 маманға, 63,8 млн.  теңгеге игерілді.

         Азаматтардың  жекеленген  топтарына  әлеуметтік көмеке 246,0 млн. теңге игеріліп, 1803 адамға  көмек берілді.

          Үйден  тәрбиеленіп оқылатын мүгедек  балаларды материалдық қамтамасыз  етуге  11,4 млн.  теңге  игерілді. 159 балаға материалдық көмек берілді.

          Мұқтаж  азаматтарға  үйінде  әлеуметтік  көмек  көрсетуге  145,2 млн.  теңге  бөлінді.

            Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық  құралдармен  қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарына, жеке көмекшілердің  қызмет  көрсету 1 млрд.458,9 млн. теңге игеріліп, 3919 мүгедекке әлеуметтік көмек  көрсетілді.

           Жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің  аппаратының  қызметін  қамтамасыз  етуге  58,6 млн.  теңгеге игерілді.

          Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға  - 25,0 млн.теңге бөлініп, мүгедектерге инватакси қызметі көрсетілді.

          Күш көрсету немесе күш көрсету қаупі салдарынан қиын жағдайларға тап болған тәуекелдер тобындағы адамдарға қызметтер көрсетуге-58,1 млн. теңге бөлінді.

           «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық» тобына 10 млрд. 021,8 млн.теңге бөлініп, 8  млрд. 787,0 млн. теңгеге 87,7  пайызға  игерілді (жалпы шығыстардың 38,6 %).

             Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу қызметтеріне 68,4  млн. теңгеге игеріліп, Жетіген-Қазыбек темір жолының құрылысына жататын 20 жер учаскелерін сатып алуға, Айғаным ықшам ауданында Жайлы  мектеп құрылысына жататын 2  жер учаскелерін сатып алуға, жер учаскілерін бағалуға жұмсалынды.

          «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және  салу, реконструкциялау» бағдарламасына 615,0 млн. теңге бөлініп, 574,7 теңгеге 93,4 пайызға игерілді Талғар қаласында 72 пәтерлі үш тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, осы мақсатқа 572,1 млн.теңге қаражат игерілді.

          Талғар қаласында 72 пәтерлі сегіз тұрғын үй салу жобасын  мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізуге 2,6 млн. теңге игерілді.

          Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және сатып алуға 608,4 млн. теңге игерілді:

           Талғар қаласындағы 72 пәтерлі бес тұрғын үйдің инженерлік - коммуникациялық желілерінің құрылысы және абаттандыру жұмыстарына 605,8 млн.теңге.

           Талғар қаласы Жаңа ықшам ауданы инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысы «Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі» жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 2,6 млн. теңге  игеріліп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

           Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу 4 млрд.017,1 млн. теңге бөлініп, 3 млрд. 742,3 млн.теңгеге 93,2 пайызға игерілді, 274,8  млн. теңге тендерлік үнем. Осы бағдарлама бойынша  аз қамтылған отбасыларға 254 пәтер сатып алынды.

 

        Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуіне 93,9 млн. теңге қаржы бөлініп, Тұздыбастау   ауылының  су жүйесін ағымдағы жөндеуге  игерілді.

        Коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасына 825,4 млн. теңге игерілді:

        Нұра ауылы, Төле би, Байдыбек шағын ауданында,  электр желілерінің құрылысына  123,0 млн. теңге игерілді, құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жыл.

        Гүлдала ауылы электр желілерінің құрылысына 108,0 млн.теңге, құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жыл.

        Қызыл Қайрат ауылы «Келешек» шағын ауданы электр желілерінің құрылысына 123,0 млн. теңге, құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жыл.

       Кіші Байсерке ауылы электр желілерін қайта құру және салу (2-кезең)». 420,0 млн. теңге, құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жыл.

       Бюджеттік бағдарлама бойынша 8 жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 51,4 млн.теңге игерілді, оның ішінде «Нұра ауылы, Төле би, Байдыбек шағын ауданы электр желілерін қайта құру және салу» жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, Береке, Орман, Ақдала,  Қызыл Қайрат ауылдарында электр желісін салуға, Қарабұлақ, Талғар қаласы ауылдарында кәріз жүйесін қайта құру және Талғар қаласында тазарту құрылғыларын салуға жобалары 2025 жылы аяқталатын мерзіммен әзірленуде.

          Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыруға 118,4 млн. теңге бөлініп, аудандағы трансформаторлық қосалқы станцияларды іске қосу жұмыстарымен ағымдағы жөндеу-68,4 млн. теңге, Талғар қаласындағы,  Әуезов шағын ауданына электр желілерін күрделі жөндеуге 50,0 млн. теңгеге  100 пайызға игерілді.

        Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 305,0 млн. теңге игерілді:

             Талғар қаласындағы  селден қорғау бөгетінен  бастап №2 алаңға дейін магистралды су тартқышты қайта жаңарту және құрылыс жұмыстарына 291,8 млн. теңге;

            Талғар қаласындағы су құбыры жүйесінің бас су алу құрылысын қайта құру және қосымша су құбырын салу үшін жоба даярлауға 13,2 млн. теңге;

            Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша 2 млрд. 163,1 млн. теңге игерілді:

            Талғар топтық су тартқышына  Бірлік, Талдыбұлақ,  Алтын Дән, Шымбұлақ Березка ауылдарын  қосуға 5-іске қосу кешенінің құрылыс  жұмыстары аяқталып, 58,1 млн.теңге игерілді.

            Бесағаш ауылының (оңтүстік бөлігі) су жүйесінің құрылысына  1 млрд.975,6 млн.теңге, құрылыс жұмыстарын 2025 жылы аяқтау жоспарлаған;

            Кіші Байсерке ауылының су құбырын қайта құру және салу жүйесі (2-ші кезең)» нысанына 39,9 млн.теңге,  құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады.

            Бұл бюджеттік бағдарлама бойынша 5 жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланып, 89,5 млн.теңге игерілді. Т.Рысқұлов ауылындағы су құбыры жүйесі қайта құру және салу жобасының мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды, Тұздыбастау, Панфилов, Жаңалық, Қызылту ауылдарында су құбырын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2025 жыл.

 

         «Мәдениет, спорт туризм ақпараттық кеңістік»  тобы  513,3  млн. тенге бөлініп, келесі мақсаттарға игерілді (жалпы шығыстардың 2,1 %).

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасы бойынша 5 мәдениет үйлерінің қызметін қамтамасыз етуге 213,7 млн. теңге игерілді.

Бұқаралық-спорттық іс шараларды өткізу орталығының қызметін қамтамасыз етуге 120,4 млн. теңге;

 Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткiзу бағдарламасына 2,7 млн. теңге;

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан  құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуына 7,7 млн. теңге.

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтерге 23,2 млн. теңге игерілді.

Аудандық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 79,3 млн. теңге.

Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамытуға 1,1 млн. теңге.

Ауданның мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қызметін қамтамасыз етуге 30,9 млн. теңге.

Ауданның ішкі саясат бөлімінің қызметін қамтамасыз етуге 34,3 млн. теңге игерілді.

Жылу энергетикалық жүйені дамытуға  774,2 млн. теңге игерілді.

Жоба аясында 1 232 тұрғын немесе 308 пәтер жылумен қамтамасыз етілді. Кеңдала ауылының, Смыков көшесінде, Алатау ауылдық округінің Алтын-Дән ауылында, Талғар қаласы Бокина және Шаяхметов көшелерінде және Ақтас ауылындағы көп пәтерлі тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау үшін автономды блокты-модульдік қазандықтарды салу құрылысы аяқталып, 651,4 млн.теңге игерілді. Панфилов ауылындағы Момышұлы  көшесіндегі қолданыстағы жылу желілерін реконструкциялау және блокты-модульді қазандықтың құрылысына-100,0 млн.теңге игерілді, құрылыс жұмыстары 2025 жылы  аяқталады, 15 БМК орнатуға жоба дайындауға 22,8 млн.  теңге игеріліп, 14 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды, 1 жоба сараптамадан өтуде.

 «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары» тобына      169,2 млн теңге игерілді  (жалпы шығыстардың 0,4 %).

         "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға -26,3 млн. теңге  бөлініп, теңге  45 маман бір  жолғы  көтерме  жәрдемақы алды, бюджеттік кредиттерге 73,8 млн. теңге игеріліп, 10 жас маманға кредит берілді.

          Ауданның ауыл шаруашылығы  бөлімінің қызметін қамтамасыз етуге 16,4 млн. теңге.

             Ауданның жер қатынастары  бөлімінің қызметін қамтамасыз етуге 41,9 млн.теңге 

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөніндегі жұмыстарға 9,8 млн. теңге.

«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» тобына  60,7 млн. теңге игерілді (жалпы шығыстардың 0,2 %).

Ауданның құрылыс  бөлімін ұстап тұруға 26,2 млн.теңге, күрделі шығыстарына 1,3 млн. теңге игерілді.

Ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімін ұстап тұруға бөлініп, 13,5 млн. теңге игерілді.

Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін ұстап тұруға 19,4 мың теңге;

«Көлік және коммуникация» функционалдық тобы 3  млрд. 003,0 млн. теңге игерілді (жалпы шығыстардың 11,6 %).

Маршруттық тәсілмен жөндеу жұмыстары 1 млрд. 057 млн. теңге 5 ауылдық округтерде және Талғар  қаласында  35,5 шақырым жол, 57 көшеге  жөндеу жұмыстары жүргізілді,Талғар қаласында 4800 шаршы метр ой-шұңқыр жолдар жөнделді.

Орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 067,6 млн. теңгеге  Талғар қаласында  6 көшенің  6,0 шақырым жолына және Панфилов ауылдық округінің 5 көшесіне 7,0 шақырым жолға орташа орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынып жатқан  мектепке баратын Талдыбұлақ ауылында  4,3 км. кіреберіс жол және Жаңалық ауылында 900  орындық мектепке баратын  3,9 км. кіреберіс жол  және 3,9 км. тротуар   салу жұмыстары аяқталды.

Әлеуметтік маңызы бар қалалық, қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын 11 ауданішілік автобус маршруттары субсидиялауға -784, 8 млн. теңге қаражат игерілді.

Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер  Қайнар ауылдық округінде жолдарды жөндеуге  61,2  млн. теңге игерілді.

«Басқалар» функционалдық тобына 597,3 млн. теңге  игерілді (жалпы шығыстардың 2,3 %).

Ауданның кәсіпкерлік бөлімін ұстап тұруға 10,2 млн теңге;

Ауыл-Ел бесігі жобасы шеңберінде Алатау ауылдық округінде Қызыл қайрат және Амангелді ауылдарында 6 көшеге 7,4 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге  314,0 млн.теңге игерілді.

       Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту "Ауыл - Ел бесігі" жобасына  273,0 млн. теңге  игеріліп, Амангелды ауылындағы электр желілерін қайта құру және  құрылыс жұмыстары аяқталды.

 

Трансферттер функционалдық тобы  бойынша бюджеттік Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару бойынша  6 млрд.915,4  млн теңге  игерілді.

Қарыздарды өтеу функционалдық тобы   77,4 млн. теңге бөлініп, жергілікті атқарушы органның  жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеуге игерілді.

 

Талғар қаласы  және  ауылдық округтер  бюджеті.   

         Талғар қаласы  және  ауылдық округтер  бюджетінің  кірістері көлемі                   7 млрд.  259,2 млн. теңгені құрап, 95,7 %-ға орындалды (жоспар 7 млрд. 582,9 млн.теңге).

Қала және ауылдық округтер бюджетінің шығыс бөлігі 7 млрд. 582,9  млн.теңгеге жоспарланып,  7 млрд.  259,2 млн. теңгеге, 95,7 %-ға пайызға игерілді:

Қала және ауылдық округтердің аппаратын ұстап тұруға –841,5 млн.теңге.

Күрделі шығыстарына 5,9 млн.теңге

Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен Бесағаш ауылындағы тау көшкінінің салдарын жою жұмыстарына  269,7 млн. теңге.

Көшелерді жарықтандыруға -557,9  млн. теңге.

Санитариясын қамтамасыз етуге -66,4 млн.теңге.

Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеуге- 2,1 млн.теңге.

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға -440,3млн.теңге.

Өңірлерді дамытудың бағдарламасына-11,5 млн.теңге игеріліп, Бесқайнар ауылындағы Сәтбаев көшесіне  1,2 км ағымдағы жөндеу  жұмыстары жүргізілді, Қайнар ауылдық округінде Көктал ауылы Набережная көшесі 450 м, 2700 шаршы метр  ішкі жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  тас, құм төселді.

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және  жөндеу жұмыстары 308,3 млн.теңге.

Бюджеттік алып қоюларға және трансферттерді қайтару бойынша 4 млрд. 755,5 млн.теңге игерілді.

 

Талғар ауданының экономика және қаржы бөлімі

Дата публикации
16 мая 2025