Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы
2-тармағының 2-3) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талғар ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
  2. Талғар аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 10-44 шешімі (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6037-05 болып тіркелген).

2) Талғар аудандық мәслихатының «Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 10-44 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 25 маусымдағы № 26-98 шешімі (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6136-05 болып тіркелген).

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Талғар аудандық мәслихатының төрағасы

 

М. Алибеков

 

 

Дата публикации
16 мая 2025