Алматы облысы Талғар ауданының Алатау, Бесқайнар, Бесағаш ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

Алматы облысы Талғар ауданының

Алатау, Бесқайнар, Бесағаш ауылдық округтері

әкімдерін сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Талғар ауданы Алатау ауылдық округінің шекарасында Талғар ауданы Алатау ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Алматы облысы Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округінің шекарасында Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  3. Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің шекарасында Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.

4.Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                                  Д. Батталгазиев

 

 

Хатшы                                                                                Г. Лепесова

 

 

 

 

 

№18

2025ж. 07.05.

Талғар қ.

 

Дата публикации
07 мая 2025