Алматы облысы Талғар ауданы Алатау, Бесқайнар, Бесағаш ауылдық округтері әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

 

Алматы облысы Талғар ауданы

Алатау, Бесқайнар, Бесағаш ауылдық округтері

әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес Талғар ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Талғар ауданы Алатау, Бесқайнар, Бесағаш ауылдық округтері әкімдерін сайлау 2025 жылғы 15 маусымына тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 15 маусымына тағайындалған Алматы облысы Талғар ауданы Алатау, Бесқайнар, Бесағаш ауылдық округтері әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

    Төраға                                                                               Д. Батталгазиев

 

 

    Хатшы                                                                             Г. Лепесова

 

 

 

 

 

№19

2025ж. 07.05.

Талғар қ.

 

Дата публикации
07 мая 2025