Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала  ауылдық округінің

әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,                        2025 жылғы 26 наурызда  Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы                         2025 жылғы 4 мамырға  Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және «Alatau Zhuldyzy» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 5 учаскелік сайлау комиссиялары, 46 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Гүлдала ауылдық округі  бойынша сайлаушылар саны 9559 адамды құрайды.

2025 жылдың 27 наурыздан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2025 жылдың 8 сәуірдегі жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен,  1 кандидат «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен, 1 кандидат «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 08 сәуірде сағат              18:00-де аяқталды.

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025