Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша жария талқылау

 

 

 

Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын беру.
  2. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою.
  3. Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару.
  4. Ағаштарды кесуге рұқсат беру
  5. Тұрғын үй кезегіне қою
  6. Тұрғын үй кезегінен шығару
  7. Тұрғын үйді жекешелендіру
  8. Тұрғын үй сертификатын беру

Оның ішінде көп көрсетілетін қызметтер - тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үй кезегіне қою және ағаштарды кесуге рұқсат беру қызметі.

«Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін «Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық «Kezekte.kz» жүйесінде жалпы 457 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 328 адам кезекке тұрған. 129 адамға кезекке тұруға бас тартылды.

Бүгінгі күні кезекте тұрғандардың саны 10 065 адам. Көп балалы отбасы санаты бойынша 2 979, мемлекеттік қызметкерлер санаты бойынша 2 319, жетім балалар санаты бойынша 851, халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша 3 913, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары санаты бойынша 3 адам кезекте тұр.

Ағымдағы жылы жыл басынан ағаш кесуге 23 өтінім келіп түсіп, оның 15-не рұқсат беріліп, 8-не рұқсат беруге бас тартылды.

Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою үшін 25 өтінім келіп түсіп, бәрі оңтайлы шешіммен есепке қойылды.

Дата публикации
01 апреля 2025