Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Anti-Corruption Excellence Award» Халықаралық сыйлығына Қазақстаннан үміткерлердің жедел қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.
Бұл сыйлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үздік жетістіктерді мойындау және ілгерілету мақсатында шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани атынан тағайындалған.
Үміткер ретінде жеке тұлғалар мен ұйымдар ұсыныла алады. Оларды мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары немесе халықаралық ұйымдар ұсына алады.
Өзін-өзі ұсынуға жол берілмейді – үміткерлер тек номинатор тарапынан ұсынылуы тиіс.
Өтінімдер тек ресми онлайн-платформа (www.aceaward.com) арқылы қабылданады.
Номинаторлар үміткердің жетістіктері туралы толық ақпаратты және растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
Барлық ұсынылған кандидатуралар құпия түрде қаралады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани атындағы Anti-Corruption Excellence Award сыйлығы төрт негізгі номинация бойынша беріледі:
Барлық үміткерлер келесі критерийлер бойынша бағаланады:
Жеңімпаздар 2025 жылғы желтоқсанда өтетін салтанатты рәсімде марапатталып, арнайы жүлде мен мүсіншеге ие болады.
Қатысуға ниет болған жағдайда Талғар ауданының ішкі саясат бөліміне ақпарат беру қажет.