Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық
округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің әкімін сайлау 2025 жылғы 4 мамырға тағайындалсын.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 4 мамырға тағайындалған Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Д. Батталгазиев
Хатшы Г. Лепесова
Талғар қаласы,
2025 жылғы 26 наурыз
№ 10 қаулы