«Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2024 жылдың 12 айына атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді Бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік көмек беруге жергілікті бюджеттен 2024 жылға 2573,5 млн.тенге бөлініп, оның ішінде тек әлеуметтік жәрдемақы төлеуге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға гигиеналық құралдар мен жеке қызмет көрсетуге 2369,4 млн.теңге жұмсалды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 1024 отбасына, 5686 алушыға 557,1 млн теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың мектеп жасына дейінгі 696 балаларына 92,8 млн. тенге төленді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
- өз бетінше жүре алмайтын 1-ші топтағы 409 мүгедекке 409 жеке көмекші, ыммен сөйлесетін 13 маман 100 мүгедекке қызмет көрсетіп келеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға төмендегідей құралдармен қамтамасыз етілді:
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің 35 әлеуметтік қызметкері 174 жалғызбасты қарастығы жоқ зейнеткерлер мен мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, демеушілердің көмегімен көптеген қайырымдылық шаралар аудан көлемінде ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтқанда, Наурыз мерекесі қарсаңында «Алғыс айту», «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» және «Көрісу күніне» орай «Самға-Н» қоғамдық қоры, «От сердца к сердцу» волонтерлық ұйымның қолдауымен «Азия» мейрамханасында 100 мүгедектігі бар адамдарға және бөлімшеде қызмет алатын жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар балаларға қайырымдылық көмек жасалды.
1 маусым «Балаларды қорғау күніне» орай «От сердце к сердцу» еріктілер ұйымы мен «Клуб Добряков Алматы» еріктілері арқылы үйден қызмет алушы балаларға әртүрлі сыйлықтар 90 балаға таратылды.
1-қазан «Қарттар күні» мерекесіне орай бөлімде қызмет алатын жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге «От сердце к сердцу» еріктілер ұйымымен азық-түлік себеттері таратылды.
«Kausar bulaq» қоғамдық қорының еріктілері «Мүгедектер күнінде» Талғар қаласында тұратын, үйден арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалпы саны 20 балаға тәттілер сыйға тартты. Алматы қаласының орталық циркіне 12 мүгедектігі бар баланың баруына мүмкіндік жасады.
«Дәулет» мейрамханасында үй жағдайында әлеуметтік арнаулы қызмет алатын 40 балаға жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды.
«AMANAT» партиясы өнер көрсеткен балаларға сыйлықтар берді.
«Алатау инва», «Отан LTD», «Көктем», Талғар қаласының «Дайана тәттілері», «Магнат», «Ақжол» сауда үйлерінің кәсіпкерлері демеушілік жасап балаларға өз сыйлықтарын ұсынды.
Медициналық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына орналасуға өтініш берген азаматтар келесі мекемелерге жіберілді: «Аяла» күндізгі болу орталығына – 22 бала, КММ «Аманат» - 10, КММ «Аяла» -2, КММ «Бақанас» -6, КММ «Шарапат» - 6, КММ «Акниет» -2, «АҚжол М» балаларға арналған күндізгі бөлім орталығына 140 бала жіберілді.
Бекітілген мемлекеттік Стандарт бойынша халыққа бөлім арқылы 18 түрлі мемлекеттік қызмет 16297 адамға көрсетілді.