Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 

2025 жылғы 30 наурызда Алматы облысы Талғар ауданының  № 4, 25 бірмандаттық сайлау округтерінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 8 кандидаттан  1 кандидат жеке өтініші негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 7 кандидатты тіркеді, 1 кандидат жеке өтініші негізінде тіркеуден бас тартты.

Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3  кандидатты құрайды.

Тіркелген 6 кандидаттың 3 саяси партия, 3 өзін-өзі ұсынған. Оның 4 ер адам, 2 әйел адам.

5 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 1 – партия қатарында жоқ.

Орташа жас - 39.

5 кандидаттың жоғары білімі , 1- орта кәсіптік  білімі бар.

Кандидаттардың 1 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 4 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.

 Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол а.ж 29 наурызы 00.00 сағатқа дейін созылады.

 

Дата публикации
05 марта 2025