Хабарландыру!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығының 1-2-тармақтарына сәйкес Бесағаш ауылындағы атауы жоқ жаңақұрылыс аумағындағы солтүстік шығыста орналасқан 057 есептік кварталға Таңбалытас атауын беру үшін 2025 жылғы қаңтар айының 20-ы күні сағат 11-00-де жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілді.
Бесағаш ауылындағы атауы жоқ жаңақұрылыс аумағындағы солтүстік шығыста орналасқан 057 есептік кварталға Таңбалытас атауын беру туралы ұсыныстар қаралып, Талғар ауданының маслихатына және ономастика комиссиясының қаралуына жолданды.