Талғар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы хабарлама

Талғар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы хабарлама

 

Алматы облысы Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы     2025 жылғы  30 наурызда Талғар ауданының №4 және №25 бірмандаттық сайлау округтерінде шығып қалған депутаттардың  орнына өтетін сайлау бойынша кандидаттарды ұсыну аяқталғандығы туралы хабарлайды.

Сайлау науқанының барысында 8 – кандидат ұсынылды. Оның 5 - саяси партиялар, 3 - өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде  6 – ер адам және  2 – әйел адам.

7 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 1 – партия қатарында жоқ.

Орташа жас -39 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 1 этнос өкілдері бар.

7  кандидаттың жоғары білімі, 1 – орта кәсіптік білімі бар.

Кандидаттардың 2 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 5 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда.

Тіркеудің аяқталу мерзімі – а.ж. 5 наурыз сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2025 жылғы 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -ден кейін басталады және 29 наурызда  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 

 

Дата публикации
28 февраля 2025