Талғар ауданының 2024 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы анықтамасы

Талғар ауданының

2024 жылғы   әлеуметтік – экономикалық  даму  қорытындылары туралы  анықтамасы

 

Ауылшаруашылығы

Ауыл шаруашылығында 43,8 млрд. теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,4 % құрады. 

19571 га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп,  жоспар 100,0% орындалды.  

Жем шөптің барлық түрлері бойынша мал қыстату науқанына жоспарлаған көрсеткшітер 109,0 % орындалып, жалпы 216500 тонна өнім жиналды.

Күздік дәндік дақылдар егу жоспарына сәйкес 12500 га алқапқа толығымен сүдігер жыртылып, 2025 жылдың өніміне жоспарланған 2770 га  күздік дәндік дақылдар 100% егілді құрайды.

Аудандағы 22672 га суармалы жерлердің бүгінгі  күні, 4627 га су үнемдейтін технологиялармен суарылады (3230 га жаңбырлатып, 1397 га тамшылатып).

Облыстық құрылыс басқармасы тарапынан 1,3 млрд.теңгеге  3 канал қайта қалпына келтірілді (Бесағаш, Саз-Талғар, Р3) және Айтуар каналына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 

Ауданда жалпы алаңы 7,1 га алқапты құрайтын 13 жылыжай шаруашылығы жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге 686 тонна өнім алынды. 

Ауданда сиымдылығы 18,5 мың тонналық көкөніс-жеміс және картоп сақтайтын 7 қойма жұмыс жасауда.

Өткен жылмен салыстырғанда мал өндіру көрсеткіштерінің динамикасы өсуде, ет 100,9  % өсіп, 12,5 мың тонна,   сүт 17,4 % өсіп, 37,9 мың тонна,  жұмыртқа 6,9 % өсіп, 30,5 млн.дана өндірілді.

Бүгінгі күнге ауданның барлық шаруашылық санаттарында 36522 бас ірі қара (2023 ж. – 29851 бас, 122,3 %), 99136  бас  ұсақ мүйізді малы (2023 ж. – 87148  бас, 113,7 %), 306 бас шошқа (2023 ж. – 26 бас, 11,8 есе ), 13731 бас жылқы (2023 ж. – 5306 бас 258,8 %), 398 бас түйе (2023 ж. – 341 бас, 116,7 %), 276686 бас құс (2023 ж. – 382244 бас, 72,4 %) тіркелген.  

 

Сүтті мал шаруашылығының үлесін арттыруда:

- «Байсерке Агро» ЖШС - 400 бас Голштин құнажындарын Ақтөбеден сатып алды;

- «Алматы» АШӨК - 2000 бас Голштин құнажындарын сатып алуға Венгриямен келісімге отырды.

Етті мал шаруашылығының үлесін арттыруда –«Махамбет» ШҚ- 200 бас  «Венгрлік сұр сиыры» құнажындарын сатып алуға Венгриямен келісімге отырды.

 

Құс басын көбейту мақсатында - «Алель Агро» АҚ Венгриядан асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып әкелді.

  «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 30 жобасы 250,0 млн.теңгеге қаржыландырылып, нәтижесінде 40 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

11 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды (құс шаруашылығы-«Totas Agro» (Қайнар а.о.), «Musa-Agro» (Кендала а.о.), балық шаруашылығы «Қазына Нұра» (Нұра а.о.), «Азамат Балық» (Бесағаш а.о.), «Ханай Саяжайы» (Тұздыбастау а.о.),  ірі қара мал шаруашылығы - «Khassan Агро» (Бесағаш а.о.), "Agro-Alima» Қайнар а.о.) жылқы шаруашылығы - «МТЛ Гроуп» (Алатау а.о.), қой шаруашылығы – «Сақа Агро» (Қайнар а.о.), «Аваков-Агро» (Қайнар а.о.) жылыжай – «Марбон» (Панфилов а.о.).       

Агро-аймақ пилоттық жобасы аясында Өстемір ауылындағы 14,0 га жерге құс шаруашылығын дамыту бойынша құжаттар «Қонаев» әлеуметтік корпорациясының атына рәсімделді.

  2024-2027 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 21,3 млрд.теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, онын ішінде  2024 ж. іске қосылғаны 3 жоба жалпы құны 2,2 млрд.теңге:

-«Грин Эко» ЖШС –жылыжай кешенінің құрылысы, жоба құны – 300 млн.теңге;

- «Байсерке Агро» ЖШС –сүт тауарлы фермасын кеңейту, жоба құны – 657 млн.теңге;

- «Алель Агро» АҚ – табынды жаңғырту, жалпы құны – 1275,2 млн.теңге. 

 

Жерлерді түгендеу қорытындысы негізінде пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары бойынша жалпы көлемі 43729 га 174 жер телімі анықталды. Бүгінгі күнге оның 19504,30 га  23 жер телімі қайта игеруге кірісті.

Сот шешімі арқылы аудан жер қорына 1916 га пайдаланылмай жатқан жер телімдері қайтарылды.

 

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп орындарымен өндірген өнім көлемі 91,2  млрд.теңгені құрап,  нақты көлем индексі – 103,7 % .

7 өнеркәсіптік кәсіпорын ашылды, жалпы құны 8,6 млрд теңге инвестиция тартылып, 101 адам жұмыспен қамтылды:

Қайрат индустриялық аймағындағы «ТехноНИКОЛЬ» ЖШС өндірістік қуаты жылына 500 000 м3 экструдталған пенополистирол өндіру зауыты іске қосылды.

Гүлдала ауылында «АрланСтройИнвест-75» ЖШС картоп өнімдерін қайта өңдеп (картошка фри) шығаратын цехы

Кіші Байсерке ауылында «Нұрила» ЖК мектеп формасын тігу цехы

Жаңа Қуат ауылында «Pamiyella» ЖШС-нің «Памиелла» шоколад пастасын өндіретін шоколад цехы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

Гүлдала ауылында «Тәуекел-Н» ЖШС картоп шығаратын цехы ашылды.

Нұра ауылында «Макпал» ЖК шағын шұжық шығаратын цехы және «Пивоваров» ЖК соя соусын шығаратын цехы іске қосылды.

 

Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнес  саласындағы белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 22482, оларда  40,7 мың  адам жұмыспен  қамтылған.

398,9 млрд.теңгенің  өнімі өндіріліп,  салық түсімдері – 33,4 млрд. теңге , жалпы  бюджеттік түсімдердің  21,3% құрады.

Ұлттық жоба аясында «ДАМУ» қоры арқылы 2024 жылы 132 жоба жалпы сомасы 10008,1 млн теңге қаржы алды, соның ішінде 84 жоба 8143,5 млн. теңгеге субсидия алды және 48 жоба 1864,7 млн. теңгеге несие кепілдігін алды.

Жыл басынан бері 89 шағын және орта бизнес нысаны ашылды  (3 кафе, 3 дүкен, 1 ресторан, 2 сауда кешені, 1 сауда үйі, "Арзан" оптомаркет және т.б.), мұнда 527 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп 7,4 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 151,4 млрд. теңгені құрады, НҚИ – 100,0%.

 

Туризм

Ауданда  36 туристік объектілер  қызмет  көрсетеді. Оларда 550 адам жұмыспен қамтылған.

Үстімздегі  жылдың  маусым айында Алатау ауылдық округінде «Almalyk» демалыс аймағы (40,0 млн.теңге) туристік нысаны ашылды.Панфилов ауылдық округінде «Royal 101» көпфункционалды кешені (100,0 млн. тенге) ашылды.

 

 

Инвестиция

Негізгі капиталға тартылған инвестиция  көлемі  124,2 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 115,3 % .  Инвестицияның  негізгі    көлемі 100,1 млрд. теңгесі  (80,6%)  кәсіпорындардың  өз қаражаттары  есебінен.

Ауданда жалпы құны 216,7 млрд. теңгені құрайтын 24 ірі  инвестициялық жоба бар, соның ішінде 13 жоба іске асу сатысында (128,5 млрд.тг.) және жалпы құны 65,8 млрд. теңге болатын перспективалы 8 жоба бар (1008 жұмыс орындары), олар:

«SKYMAX TECHNOLOGIES» ЖШС дайын темір-бетон бұйымдарын шығаратын үй құрылысының зауыты (6,7 млрд.),

«SAS Industry» ЖШС темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт (4,9 млрд.),

«General Import» ЖШС түрлі түсті металл сынықтарын өңдеу бойынша өндірістік кешені (1,3 млрд.),

 «EuroGlass Industries» ЖШС шыны ыдыстарды жою және кәдеге жарату зауыты (27,6 млрд.),

 «JHONGZE» ЖШС автоклавты газ блогын салу зауыты (7,6 млрд.),

 «ТВЕА» ЖШС трансформаторлар мен кабельдер шығаратын зауыты (11,5 млрд.),

«TAMA Caps» ЖШС кофе машиналар үшін алюминий капсулалар өндіру зауыты (1,6 млрд.),

«АМК Метиз» ЖШС металл өндіру және өңдеу зауыты (4,5 млрд.).

Құрылыс жұмыстары, тұрғын үй

Құрылыс  жұмыстарының  көлемі 52,6 млрд.теңге, нақты  индекс  көлемі -111,4 %.

286,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді (111,3 % өткен жыл деңгейіне.)

 

Талғар қаласында 9 қабатты 72 пәтерлік 1 тұрғын үйдің құрылыс  жұмыстары  аяқталған (3 дақ), 2 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде (4,5 дақ), 2 үйдің құрылыс жұмыстары тоқтатылған (1,2 дақ).   

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарын үймен қамтамасыз ету мақсатында 94 дайын пәтер сатып алынды:

- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 19 пәтер;

- көпбалалы отбасылар (оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Ана даңқы" I және II дәрежелі немесе "Батыр Ана" атағы бар көпбалалы аналар) - 19 пәтер;

- халықтың әлеуметтік осал топтары - 56 пәтер.

 

Қызыл-Қайрат а. қызметтік тұрғын үймен біріктірілген участкелік полиция пунктінің  құрылысы аяқталды.  

 

Талғар қ. бес 72 пәтерлі тұрғын үйлердің  инженерлік-коммуникациялық желілерін салу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Бюджет

Жалпы  бюджетке  156,8 млрд.теңге салықтық  түсімдер  жиналып,  жоспар бойынша 159,4 млрд.теңге, 98,4 % орындалған.  Оның ішінде:

Республикалық  бюджетке  101,1 млрд.теңге түсті,  жоспар бойынша 104,2 млрд.теңге , орындалғаны 97,0 %  .

 

Жергілікті бюджетке  55,7 млрд.теңге   түсімдер   жиналған  (жоспар 101,0%),

Жергілікті  бюджеттің ішінде:

-аудандық бюджетке -10,4 млрд.теңге  түсіп,  болжам  108,0 %-ға  орындалған.

-ауылдық бюджетке -6,5 млрд. теңге  түсіп, болжам 95,5 %-ға  орындалған.

 

Бюджет  шығындарының  көлемі  19,9  млрд. теңгеге жетіп,   жоспар  93,5 %-ға орындалған.

 

Коммуналдық шаруашылық  саласы

Су жүйесі

46 елді мекеннің 45-де су жүйесі орталықтандырылған, қамту деңгейі – 97,8%. Орман ауылдары орталықтандырылмаған. Желілердің тозу деңгейі - 90%.

 

Келесі жобалар іске асырылған:

  1. Бірлік, Талдыбұлақ, Алтын-Дан, Шымбұлақ ауылдарын және "Березка" саяжайын Талғар топтық су құбырына (5 іске қосу кешен) қосу жұмыстары жүргізілді. Желілер ұзындығы-54,1 шақырым. Жоба құны – 1,7 млрд. теңге.
  2. Алмалық, Амангелді, Байбұлақ ауылдарын Талғар топтық суағарына (2 іске қосу кешені) қосу жұмыстары аяқталды. Желілердің ұзындығы - 20,5 шақырым. Жоба құны-588,0 млн теңге.

 

Газдандыру

Аудандағы 46 елді мекеннің 31-не  газ  жүргізілген, немесе  67,3 %.

6 ауылда  газдандыру жұмыстары жүргізілуде (Кіші Байсерке, «Еламан, «Қайнар, «Көктал, «Арқабай, Тонкерис).

 

Жылу жүйесі

Ауданында 252 көпқабатты үй бар, оның ішінде Талғар қаласында 164. Қаланы орталықтандырылған жылыту 1998 жылы тоқтатылған. Осы сәттен бастап көпқабатты үйлердің тұрғындары автономды түрде (қатты және сұйық отынмен, электрмен) жылытылды.

2018 жылдан бері 32 БМҚ орнатылып 138 көпқабатты тұрғын үй немесе 4255 пәтерге жылу  берілген (62%).

Қазіргі таңда 19 блок-модульдік қазандықтың жобалау жұмыстары аяқталды.

         Электрмен жабдықтау

         Аудан аумағында жалпы 1986 ТП және 2161,4 км. электрмен жабдықтау желілері бар.

         Талғар қ. Ауезов ы/а электр желілеріне күрделі жөндеу  жұмыстарына 198,6 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оған  4 трансформаторлық қосалқы станция орнатылып, 10,4 шақырым электр желілері ауыстырылды.

Жолдар

Талғар ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы –1315,5 шақырымды құрайды, оның ішінде:

         - Республикалық маңызы бар - 97 км.

         - Облыстық маңызы бар - 179 км.

         - Аудандық және ауылішілік - 1046,5 шақырым.

Үстіміздегі жылы 63,2 шақырым жолдар  жөндеуден өтіп, жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі   67%-ға  өсті. 

Оның  ішінде:

  • Орташа жөндеу жұмыстары: 26 шақырым, 8 ауылда.
  • Ағымды жөндеу жұмыстары маршруттық тәсілмен асфальт қабатымен: 37,2 шақырым, 20 ауылда.

 

Автокөлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында:

- ⁠3 бағдаршам орнатылды;

- 40 аялдама орнатылды.

 

 

Әлеуметтік  сала

Білім саласы

 

Аудандағы үш ауысымды (6 мектеп жұмыс жасайды-№13, №15, №31, №34, №37, №42 орта мектептері) оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  2023-2024 жылдарға жоспарланған  5 700 орындық 7 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде  (Айғаным ы.а, Жалғамыс, Төңкеріс, Талдыбұлақ (600 орын), Қызылту, Жаңалық (900 орын), Тұздыбастау (1500 орын).

 

Күрделі жөндеу жұмыстары

           Жаңалық ауылындағы №37 орта мектептің бастауыш сыныптарға арналған ғимаратында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, сондай – ақ,            Талғар қ. №9 орта мектептін ғимаратының  күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

 

Денсаулық сақтау саласы 

Аудан тұрғындарына 1 аудандық  орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 13 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік пункті, 7 медициналық пункті және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді.

 

Халықты еңбекпен қамту

«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 9536 жұмыс орны құрылған оның ішінде 7770 тұрақты  жұмыс орындары. 

Жеке ісін ашуға 400 АЕК мөлшерінде 36 адам  қайтарымсыз мемлекеттік грант иегері атанды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 1024  отбасына, 5686 алушыға 557,1 млн.теңге  төленген.

 

                                                                               Экономика және қаржы бөлімі      

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

Дата публикации
12 февраля 2025