Талғар ауданы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты
тасымалдаудың барлық маршруттары үшін тарифін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 бабтарына және Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Талғар ауданының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар барлық маршруттары үшін тұрақты тасымалдау тарифі көлік картасының немесе ұялы байланыс операторының мобильді қосымшаның қызметтері арқылы 120 (жүз жиырма) теңге, жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге көлемінде белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О. Каспакбаевқа жүктелсін.
- Аудан әкімінің 05.08.2022 жылғы «Талғар ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы» №08-362 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.