2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған №4 және №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Талғар ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 29 қаңтардағы

№ 1 қаулысына қосымша

 

 

2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған

 №4 және №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша

Алматы облысы Талғар аудандық  мәслихатының  шығып қалған

мәслихат депутатарының орнына сайлауды әзірлеу

мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

 

1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей

(22-б. 2-т., 2-1-т.)

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Талғар ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2025 жылғы 13 ақпаннан кешіктірмей

                                                                                   (23-б. 5-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2025 жылғы 13 ақпаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

 

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен

2025 жылғы 29 қаңтарда басталады және 28 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

6. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

8. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

2025 жылғы 29 қаңтарда басталады және 5 наурызда  жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

10. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                                              (16-1 б. 6-тт., 104-б. 6-1-т. 1-тт.)

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (жүгінген кезде)

 

Сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Тиісті сайлау комиссиялары

Айына екі рет

Қағиданың 23-т.

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Талғар ауданының әкімдігі, Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 5 наурызға дейін

(28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -ден кейін басталады және 29 наурызда  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

 (27-б. 2-т.)

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Талғар ауданының әкімдігі, Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Талғар ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2025 жылғы 9 наурыз

 (26-1 б. 1-т.)

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда,

2025 жылғы 14 наурыздан бастап

                                                                        (26-б. 1-т.)

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 наурызға дейін

   (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 27 наурыздан ерте емес және 29 наурыздан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

23. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, 2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайды

(18-б. 8) т., 43-б.)

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (108-б. 1-т.)

28. Аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2025 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)

29. Аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 5 сәуірден кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

30. Аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

31. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
29 января 2025