№4 және №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатарының орнына сайлауды тағайындау туралы

№4 және №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының  шығып қалған мәслихат депутатарының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының  4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Алматы облысы Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. №4 және №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                              Д. Батталгазиев

 

 

Хатшы                                                                             Г. Лепесова

 

 

 

 

Талғар қаласы,

2025 жылғы 29 қаңтар

№ 1

Дата публикации
29 января 2025