Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері!
Талғар ауданының Ішкі саясат бөлімі 2025 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың тақырыптарын ұсынады.
Лот тақырыптары
|
№ |
Жоспарланған лот тақырыптардың атауы |
Қызметтің (лоттың) қысқаша сипаттамасы
|
Мерзімі |
Жоспарланған сома (мың теңге) |
|
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің атауы |
||||
|
1 |
Гендерлік саясатты іске асыруға және отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы әйелдің рөлін анықтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.
|
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 жарлығының, ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес, отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын негізге ала отырып, отбасы-неке институттарының құндылықтарын дәріптеу мақсатында іс-шаралар өткізу: -2 семинар /көпбалалы аналардың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын қолдау мақсатында кәсіби мамандармен бірлескен шара ұйымдастыру /30-40 адам/; - 2 семинар /тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, өмірдің қиын кезеңдерін басынан өткеріп жүрген әйелдерге құқықтық және психологиялық көмек көрсету/30-40 адам/; - 200 дана қазақ және орыс тілдерінде тұрғындарға арналған отбасы-гендерлік саясатты насихаттау мазмұнында ақпараттық буклеттер әзірлеу; - «Мерейлі отбасы» байқауына өтініш берген облыстық ішкі саясат басқармасына ұсынатын отбасылардың түрлі-түсті альбомын, слайд көрсетілімін дайындау /4 отбасы/; - «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық іс-шарасын ұйымдастыру және өтінім берген отбасыларға бағалы сыйлықтармен алғыс хаттар дайындау. - Көлемі 3х6 болатын тақырыптық 2 билборд жасап, орналастыру; - Мүмкіндігі шектеулі адамдарға психологиялық көмек көрсету, қала мен 10 ауылдық округтерде 14 кездесу өткізу, әр кездесуде кемінде 15-20 адам қамту; - Қыздар арсында спорттық жарыстар ұйымдастырып өткізу /волейбол, тоғыз құмалақ, шахмат, жеңіл атлетика түрлерінен/ - 2 аудандық жарыс. / 100 адамды қамту/; - Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында азық түлік себеттерін дайындап көрсетілген отбасылардың мекен жайларына жеткізіп табыстау 25 отбасы; - Барлық іс шара аудандық әлеуметтік желілерде, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарық көруі тиіс. Жобаның жүзеге асқандығы туралы шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша) және қаржылық есеп беру. |
Сәуір–қараша 2025 жыл |
2,0 млн теңге |
|
2 |
«Елдің болашағы жастар» мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру
|
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жастар саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. - 2 дана билборд ( 3х6 көлемде жасап, орналастыру); - Талғар қаласы және ауыл округ жастары арасында синтетикалық есірткінің таралуын болдырмау, зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша 14 кездесулер. Әр ауылдық округтен 20-30 адам қатысуы керек. Түсіндірме жұмыстарын өткізу, тақырыпқа сай 200 постерлер, 300-блокнот , қалам-300 жасап шығару. - Аудан әкімінің «Жыл үздігі-2025» жастар сыйлығы ұйымдастыру; - «Жас отбасы» - мемлекет тірегі” жас отбасылар аудандық байқауын өткізу; - «Жас волонтер» тақырыбына сай еріктілерге 50 футболка, 50 кепка ұсынып 1 форум өткізу. - 12 тамыз «Жастар күніне» арналған аудандық іс-шараға алғыс хаттар дайындау. - 28 маусым Халықаралық тілшілер күніне орай,ауданның тілшілеріне арналған 1 кездесу ұйымастыру. Аудан әкімінің алғыс хатымен бағалы сыйлықтармен марапаттау. - Барлық іс шара аудандық әлеуметтік желілерде, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарық көруі тиіс. Жобаның жүзеге асқандығы туралы шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша) және қаржылық есеп беру. |
Сәуір–қараша 2025 жыл
|
2,0 млн.теңге |
|
3 |
Қоғамдық келісімді және жалпы этностық бірлікті нығайту |
Мақсаты: Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға. Жобада Талғар ауданының этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен Қоғамдық келісім мен жалпы этностық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені қарастырылған Жобаны іске асыру шеңберінде келесіні қамтамасыз ету қажет: - Аудан деңгейінде 15 кездесуді ұйымдастыру және өткізу мерейтойларға орайластырылған: аудандық келісім кеңесі өкілдерінің, этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің, тарихшылардың (жастар, ардагерлер, көпбалалы отбасылар және т. б. қатысуымен), әр іс-шарада 20-30 адам және өткізілетін орынның дизайны тақырыптық баннер дайындау); Өткізілген іс-шараларда қатысушыларға алғыс хаттарын дайындау. - Рухтың күші-әкеде" аудандық форум ұйымдастыру/ әр іс-шараны өткізу орнын рәсімдеу (тақырыптық баннер). Жеңімпаздарды Тапсырыс берушінің келісімі бойынша бағалы сыйлықтармен марапаттау; - «Ана өмірдің гүлі» тақырыбында аудандық аналар кеңестерінің төрайымдарымен 1 дөңгелек үстел өткізу. -Жеңістің 80 жылдығына орай, ақсақал ардагерлерді тарта отырып, жастармен кеңейтілген 2 дөңгелек үстел ұйымдастыру. - Өзге этнос жас өкілдерінің қатысуымен ұлы ақын-жазушылардың әр тілдегі әдеби шығармаларын мәнерлеп оқу үшін әлеуметтік желілерде (Instagram немесе Facebook) эстафета ұйымдастыру. Жеңімпаздарға тапсырыс берушімен келісілген алғыс хатпен сыйлықтар табыстау. -Атқарылған іс-шараларды аудандық БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жариялау. Жобаның жүзеге асқандығы туралы шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша) және қаржылық есеп беру.
|
Сәуір-қараша 2025 жыл |
2 млн 124 мың теңге |
|
4 |
«Мемлекеттік рәміздер - біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі» Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орналастыру, құрметпен қарау бойынша ақпараттық насихат шараларын жүзеге асыру
|
Мақсаты: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің Заңына сәйкес, аудандағы мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орналастыру, құрметпен қарау бойынша ақпараттық насихат шараларын жүзеге асыру мақсатында: - Талғар ауданында орналасқан мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған 14 кездесу арнайы кәсіби мамандармен; -2 билборд (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, олардың бейнелерін заңсыз пайдалану тәртібі туралы заңдылықты көрсете отырып, жасап, орнату); - 04 маусым күні ҚР Рәміздер күніне орай, ауданда орналасқан Ту тұғыр алаңында аудандық іс-шара ұйымдастыру және 100 Тумен, қолға ұстайтын 200 Тумен қамтамасыз ету. - 100 дана ақпараттық постерлер, 200 тақырыптық буклет дайындау (орыс және қазақ тілдерінде, түрлі-түсті); - 6 мақала облыстық БАҚ; - Атқарылған іс-шараларды әлеуметтік желілерде, БАҚ-да жариялау; Жобаның жүзеге асқандығы туралы шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша) және қаржылық есеп беру. |
Сәуір-қараша 2025 жыл |
2,0 млн теңге |
|
5 |
Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және құмар ойындарының зардаптарын насихаттау бойынша. |
Мақсаты: Жоба бойынша ұйымдастыру-тәжірибелік шаралар: Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және құмар ойындарының зардаптарын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу.
-15 кездесу Аудан тұрғындары арасында арнайы мамандарды тарта отырып іс-шара ұйымдастыру. -2 семинар Арнайы дәрігер мамандарды тартып, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша шаралар өткізу. -Тақырып бойынша 1 видеоролик дайындау, тапсырыс берушімен келісу. - Тақырыпқа сай, 3*6 өлшемдегі 2 баннер дайындау, тапсырыс берушімен келісе отырып. -Ауданның ақсақал, аналар кеңестерін тарта отырып, жастар арасында нашақорлық пен құмар ойындарының зардабы туралы 2 дөңгелек үстел өткізу. - Аудан тұрғындары арасында 200 анонимдік сауалнама жүргізу. -Аудан жастарын салауатты өмір салтына баулу мақсатында 2 футбол жарысын ұйымдастыру. Атқарылған іс-шараларды аудандық БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жариялау. Жобаның жүзеге асқандығы туралы шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша) және қаржылық есеп беру. |
Сәуір-қараша 2025 жыл |
2,0 млн теңге |
|
|
Барлығы |
5 лот |
Сәуір-қараша 2025 жыл |
10 млн 124 мың теңге |
4.Көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар:
5.Әршараның сапалы өтуін қамтамасыз ету
6.Есеп беру талаптары.
-Жобаның жүзеге асқандығы туралы 3 есеп:
Аралық, толық шығармашылық (фото, бейнежазба есеп қосымша), қаржылық есеп беру.
-Барлық өткізілген іс шара аудандық БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарық көруі тиіс.
- Барлық шараларда қолданылған көрнекі, видео, фотоесептер бірге тапсырылады.
- Аралық шығармашылық есеп көрсетілген қызметтер актісіне қол қояр алдында жоба жетекшісі барлық өткізілген іс-шаралар, әдістер мен
тәсілдер, пайда болған мәселелер мен олардың шешу жолдарын аралық шығармашылық есепте көрсетуі тиіс.
- Ақтық шығармашылық есеп Көрсетілген қызметтердің соңғы актісіне қол қояр алдында жоба жетекшісі есеп құрастыру нұсқалығына сәйкес Тапсырыс беруші бекіткен нысан бойынша ақтық шығармашылық есеп әзірлеуі тиіс.
-Есептердің барлығы мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс комиссиясының хатшысына тапсырылады
Шығармашылық есептің міндетті бөліміне іс-шараның өткізілуін растайтын төмендегідей құжаттар жатады:
Барлық іс-шаралар нысандары үшін:
Бөлек іс-шаралар нысандары үшін: