Талғар ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 39
қаулысына қосымша
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Регламент Талғар ауданының аумағында Президентті,
Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін
– өзі басқару органдарының мүшелерін, референдумды ұйымдастыруды және
өткізуді қамтамасыз ететін Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
жұмысының тәртібі мен қағидаларын айқындайды.
2. АСК жеті мүшеден тұрады.
3. АСК қызметі алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде
жүзеге асырылады.
4.АСК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,
1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
(бұдан әрі – Сайлау туралы заң), 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық
референдум туралы» (бұдан әрі – Референдум туралы заң) Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңдарын, Президент актілерін және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін
басшылыққа алады.
5. Өз құзыреті шегінде қабылданған АСК шешімдерін барлық
мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары,
сондай-ақ олардың лауазымды адамдары Талғар ауданының бүкіл аумағында
орындауға міндетті.
6. АСК құрамын Талғар ауданының мәслихаты саяси партиялардың
ұсыныстары негізінде қалыптастырады. Саяси партиялардың ұсыныстары
болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған
сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша АСК сайлайды.
7. АСК құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға
келісім беру туралы өтініштерді қоса береді.
8. АСК өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
9. АСК мүшелері Қазақстан Республикасының Орталық сайлау
комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес болуға тиіс.
10. АСК төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау
комиссиясының отырысында сайланады.
11.АСК төрағасы:
1) АСК қызметін ұйымдастырады;
2) АСК отырысын шақырады және төрағалық етеді;
3) АСК қаулыларына және өзге де құжаттарына қол қояды;
4) АСК шешімдерінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
5) АСК төрағасының орынбасары, хатшысы және мүшелері арасында
міндеттер мен тапсырмаларды бөледі;
6) Сайлау туралы заңда, Референдум туралы заңда көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12. АСК төрағасы болмаған кезеңде (ауруы, іссапарда болуы, еңбек
немесе өзге де демалыста болуы) АСК төрағасының міндеттерін оның
орынбасары орындайды.
13. Жедел шешім қабылдауды талап ететін жағдайларды қоспағанда,
сайлау комиссиясының мүшелеріне тиісті сайлау комиссиясының
отырыстары туралы қырық сегіз сағат бұрын хабарланады.
АСК мүшесі:
1) сайлау комиссиясы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар
енгізуге;
2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, сайлау
комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге
және олар бойынша дауыс беруді өткізуді талап етуге міндетті;
3) отырыстың басқа қатысушыларына күн тәртібіне сәйкес сұрақтар
қоюға және олардан мәні бойынша жауаптар алуға;
4) сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен
танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;
5) АСК отырысында қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда
ерекше пікірі болуға және оның қаралуын талап етуге;
6) сайлау комиссиясы мүшелерінің төрттен үш даусымен расталған
өкілеттік бойынша төмен тұрған сайлау комиссиясының қызметін тексеруді
жүзеге асыруға құқылы;
7) Сайлау туралы заңда, Референдум туралы заңда және АСК мүшелері
арасында міндеттерді бөлуде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға
құқығы бар.
14. АСК мүшесі:
1) АСК отырыстарына қатысуға міндетті;
2) төрағаны дәлелді себеппен (ауырған жағдайда еңбекке уақытша
жарамсыздық парақпен расталған, еңбек немесе өзге де демалыстарда болу,
өзге де дәлелді себептермен) отырысқа қатысу мүмкін еместігі туралы алдын
ала хабардар етуге міндетті;
3) өзіне жүктелген міндеттерді, АСК шешімдерін, сондай-ақ жоғары
тұрған сайлау комиссиясының шешімдерін орындауға міндетті;
4) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын
және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешімдер қабылдау кезінде бейтараптық
пен тәуелсіздік танытуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тізімді
ұсынған саяси партиялардың қызметін жария бағалаудан қалыс қалуға
міндетті.
15. АСК мүшесі өзі өкілі болып табылатын саяси партияның немесе
өзге де қоғамдық бірлестіктің шешімдерімен байланысты емес және олардың
мүдделерін қорғауға құқығы жоқ.
16. АСК мүшесі өз міндеттерінен босатылады:
1) сайлау комиссиясының белгіленген өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;
2) сайлау комиссиясының қызметі тоқтатылған кезде.
17. Жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімі бойынша АСК
мүшесі келесі жағдайларда өз міндеттерінен босатылады:
1) өз қалауы бойынша міндеттерден босату туралы өтініш беру;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанда;
3) сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырған мәслихат
орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты
жерге кеткенде;
4) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде;
5) оны әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз
кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі
заңды күшіне енгенде;
6) оның қайтыс болуы;
7) саяси партияның Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен оны ұсынған саяси партияны тарату туралы
қабылдаған шешімі, не оны ұсынған саяси партияны тарату туралы заңды
күшіне енген сот шешімі қабылданғанда жүзеге асырылады.
18. АСК мүшесі лауазымдық өкілеттіктерін немесе сайлау туралы
Заңның талаптарын бірнеше рет бұзған жағдайда оны Талғар ауданының
мәслихаты қызметінен босатады.
19. АСК мүшесі Алматы облысының аумағында тұруы тиіс.
2. Жұмысты жоспарлау
20. АСК өз қызметін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге
асырады.
АСК жұмыс жоспары комиссия мүшелерінің ұсыныстары бойынша
қалыптастырылады және комиссия отырысында бекітіледі.
21. Сайлаулар мен референдумдарды дайындау және өткізу жөніндегі
негізгі іс – шаралардың күнтізбелік жоспарларының жобалары (бұдан әрікүнтізбелік жоспар) АСК отырысында әзірленеді және бекітіледі.
22. Күнтізбелік жоспарларды бекіту туралы қаулы қабылданғаннан
кейінгі келесі күннен кешіктірмей олар тиісті округтік және учаскелік сайлау
комиссияларына жіберіледі, сондай-ақ АСК-ның интернет-ресурсында
орналастырылады.
3. Отырыстарды дайындау тәртібі
23. Отырыстың күні мен уақытын АСК төрағасы айқындайды. АСК
мүшелерін хатшы отырыс туралы, дереу шешім қабылдауды талап ететін
жағдайларды қоспағанда, отырысқа дейін қырық сегіз сағаттан кешіктірмей
хабардар етеді.
24. АСК отырыстарының күн тәртібінің жобасына комиссия мүшелері
жоспарларда белгіленген мәселелерден басқа өзге де мәселелерді ұсынуға
құқылы. Бұл жағдайда мәселені енгізудің орындылығы АСК төрағасымен
келісіледі.
25. Отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша
материалдарды АСК қызметінің тиісті бағыттарын қамтамасыз ететін
комиссия мүшелері дайындайды және хатшыға ұсынады.
4. Отырыстарды өткізу тәртібі
26. Сайлау науқанын дайындау және өткізу кезеңінде АСК
отырыстары кемінде екі аптада бір рет өткізіледі. Өзге уақытта комиссия өз
отырыстарын қажетіне қарай Төрағаның немесе Комиссия мүшелерінің
кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша өткізеді.
27. АСК отырыстары, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы
санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болады.
28. АСК шешімдері Сайлау туралы заңда белгіленген өзге жағдайларды
қоспағанда, олардың мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық
дауыс беру арқылы қабылданады.
29. Оның шешімімен келіспеген АСК мүшелері ерекше пікір білдіруге
құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына
жеткізіледі және жазбаша нысанда комиссия отырысының хаттамасына қоса
беріледі.
30. АСК барлық тұлғалардың өз шешімдерімен еркін танысуына
жағдай жасайды, олар жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде
орналастырылады, ал сайлау туралы заңда көзделген жағдайларда өзге де
жариялануға жатады.
31. АСК құрамында өкілі жоқ Саяси партиялар сайлау науқанын
дайындау және өткізу кезеңіне сайлау тағайындалған немесе жарияланған
күннен бастап он күннен кешіктірмей кеңесші дауыс беру құқығымен өз
өкілін АСК-ға беруге құқылы.
32. Партияның жарғысына сәйкес уәкілдер қол қойған және мөрмен
расталған саяси партия өкілін беру туралы Акт АСК-ға жіберіледі. Актіге
кеңесші дауыс құқығымен комиссияға енгізілуге келісім беру туралы
азаматтың өтініші қоса беріледі.
33. АСК сайлау комиссиясының мүшесін кеңесші дауыс құқығымен
тағайындау туралы шешім қабылдайды.
34.Саяси партияның өкілі кеңесші дауыс беру құқығымен АСК
отырысында сөз сөйлеуге, сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін
мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге, сайлау комиссиясының әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа
шағымдануға құқылы.
35. Кеңесші дауыс құқығымен саяси партиялардың өкілдері комиссия
шешім қабылдаған кезде дауыс бермейді және АСК құжаттарына қол
қоймайды.
36. АСК отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар,
байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметтік куәлігі
және редакцияның тапсырмасы болған кезде қатыса алады.
37. Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси
партиялар оларға қатысты мәселелерді қарау кезінде АСК отырысы және күн
тәртібі туралы алдын ала хабардар етіледі.
38. Отырыста төрағалық етуші:
1) АСК отырысын жүргізеді;
2) отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауды
ұйымдастырады, оларды дауыс беруге қояды;
3) АСК отырысына қатысып отырған адамдардың тізімін жария етеді;
4) АСК мүшелеріне, сондай-ақ шақырылған адамдарға сөз сөйлеуге сөз
береді;
5) дауыс беруді және дауыстарды санауды ұйымдастырады, дауыс беру
нәтижелерін жария етеді;
6) АСК мүшелері мен шақырылған адамдардың осы Регламенттің
ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді. Ашық дауыс беруге қатыса отырып,
төрағалық етуші соңғы болып дауыс береді.
39. Қарастырылып отырған мәселелердің саны шектелмейді.
5. Отырыстардың шешімдерін ресімдеу
40. АСК отырыстарын хатшы хаттама түрінде ресімдейді.
Отырыстың хаттамасына сайлау комиссиясының төрағасы мен
мүшелері қол қояды.
41. Отырыстың хаттамасы, егер отырыста АСК өзгеше мерзімдер
айтылмаса, отырыс күнінен кейін екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде
ресімделеді.
Комиссия төрағасының шешімі бойынша аталған мерзімдер
қысқартылуы мүмкін.
42. Отырыста қабылданған шешімдер қаулылармен ресімделеді және
барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіледі.
43. Қаулыларға АСК төрағасы және хатшы қол қояды және тізім
бойынша таратылуға жатады.
6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
45. Азаматтардың АСК-да өтініштерін қарау Қазақстан
Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексіне (әрі қарайӘРПК) сәйкес жүзеге асырылады. ӘРПК белгілеген Әкімшілік рәсімдер
тәртібі Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум
туралы заңнамасымен реттелетін қатынастарға қолданылмайды. ӘРПК
нормалары мен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы арасында
қайшылық болған жағдайда Конституциялық заңның ережелері
қолданылады.
46. Сайлау туралы, референдум туралы заңдарға сәйкес, өтініштің мәні
бойынша АСК алқалы шешімін қабылдау талап етілетін болған жағдайда, ол
отырысқа шығарылады. АСК отырысы азаматтар мен ұйымдардың
өтініштерін қарау үшін белгіленген мерзімдер ескеріле отырып өткізіледі.
47. Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзу туралы
өтініштері шағым түскен күннен бастап бес күн ішінде, ал келіп түскен
өтініштер дауыс беруге дейін бес күннен аз уақыт бұрын және дауыс беру
күні – дереу қаралады.
Төмен тұрған сайлау комиссияларының және олардың мүшелерінің
шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар, егер сайлау туралы
заңда өзгеше көзделмесе, АСК шағым түскен күннен бастап үш күн ішінде
қарайды.
48. Егер Сайлау туралы заңда өзгеше шағымдану мерзімдері
белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған
күннен бастап он күн ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және
(немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер өткеннен
кейін сайлау комиссиясының шешіміне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
өтініш қарауға жатпайды.
Сайлау комиссиясында және сотта өтініштерді бір мезгілде қарау
кезінде АСК сот шешімі күшіне енгенге дейін өтінішті қарауды тоқтата
тұрады.
АСК шағым бойынша шешімді сот арызды қарау нәтижелері бойынша
сот шешімінің заңды күшіне енгені туралы хабардар еткеннен кейін
қабылдайды.
49. АСК Талғар ауданының аумағында сайлау және республикалық
референдум туралы заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ете
отырып, төмен тұрған сайлау комиссияларының, референдум
комиссияларының қызметін тексеруді жүзеге асыра алады.
Тексеру нәтижелері бойынша АСК кез келген төмен тұрған сайлау
комиссиясының, референдум комиссиясының шешімін, егер ол заңға қайшы
келсе не белгіленген құзыретінен асып кетсе, күшін жоя алады, мәселенің
мәні бойынша шешім қабылдай алады немесе шешімі жойылған
комиссияның қайта қарауына тиісті материалдарды жібере алады, сондай-ақ
тексеру материалдарын тиісті органдарға немесе сотқа жібере алады.