Талғар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

ЖОБА

 

Талғар ауданында  

тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін

және тәртібін айқындау туралы

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Талғар аудандық  мәслихаты             ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талғар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихатының «Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік инфақұрылымды дамыту, еңбек, білім, денсаулық, мәдениет, тіл және спорт жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

 

        

Талғар аудандық  мәслихатының сессия төрағасы

 

Талғар аудандық  мәслихатының хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              шешімге қосымша

 

 

Талғар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің  мөлшері және тәртібі

 

Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы                14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы          № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан   әрі – Ереже) сәйкес әзірленді.

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде Ереженің 1-тармағында көрсетілген негізгі ұғымдар пайдаланылады.
  2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

         1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

         2) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

         3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

         Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

  1. Тұрғын үй көмегi кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
  2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебiнен щығындар сметасына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттары және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары  бойынша көрсетіледі.
  3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының(азаматтың) жиынтық табысының он пайызы мөлшері.
  4.  
  5.  
  6. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

 

  1. Тұрғын үй көмегі «Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанда құжаттарды ұсыну уақытына қарамастан ағымдағы тоқсанға тағайындалады және көрсетіледі.
  2. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) Ереженің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді.
  3.          Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе порталдан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
  4. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он бес күн мерзімде уәкілетті органды  тұрғын  үй  көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне  әсер ететін

мән-жайлар туралы хабардар етеді.

         Өтініш беруші тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған фактісі бойынша).

         Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.

  1. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн бекіту туралы» 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес есептеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген).

         11.Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:

         1) бір отбасы мүшесіне – пайдалы алаңның 18 шаршы метрі, нақты алаңынан асырмай, бір бөлмелі тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) немесе жатақхана бөлмесінде тұратындар үшін – тұрғынжайдың жалпы алаңы;

         2) Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метрі.

  1. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары тиісті уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.
  2. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
  3. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда келесі нормалар ескеріледі:

         1) Газды тұтыну: газ плитасы және орталық ыстық сумен жабдықтау болған кезде тамақ дайындау үшін газ шығыны: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар тамақ дайындау үшін тауарлық газды пайдаланатын – 1 адамға  айына 10,0 текше метр, есептеу аспаптары бар нұсқауларға сәйкес, бірақ қолданыстағы стандарттардан жоғары емес. Пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасылар үшін - отбасына 1 айға тұтынатын сұйық газ – 10 килограмм (1 кішкене баллон);

2) электр энергиясын тұтыну: 1 адамға – 70 киловатт, 2 адамға – 140 киловатт, 3 адамға – 180 киловатт, 4 және одан көп адамға – 210 киловатт;

3) қатты отынды тұтынушылар үшін:пешпен жылытатын тұрғын үйлерге  жылыту маусымына – төрт тонна көмір, бар қажетпен жабдықталған пәтерлерді жылыту үшін электр қуатын қолданатындарға төрт тонна көмірдің құны;

4) Тұрғын жайларды жеке секторда жылыту үшін газды тұтыну; көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар үшін тауарлық газды пайдалану кезде – айына 1 шаршы метрге   7,0 текше метр

5) сумен қамтамасыз ету нормасын – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда - көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

 

6) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару - жеткізушілер  ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттары бойынша

7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоты.

         Коммуналдық қызметтерді тұтыну есебіне қабылданатын шығыстар  коммуналдық қызметтерді  тұтынудың белгіленген нормативтерінен аспайтын, өткен тоқсандағы нақты шығындар  бойынша айқындалады

                                                                                                          

  1. Қатты отынның құнын есептегенде аймақта өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.

 

 

  1. Қаржыландыру және төлеу

 

  1. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудандық бюджетімен тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
  2. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.

 

 

  1. Қорытынды

 

  1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

 

 

 

 

 

 

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Талгарском районе
Дата публикации
21 октября 2020