Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау
үшін сайлау учаскелерін құру туралы

 

 

Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Талғар ауданы әкімінің 2024 жылғы 15 наурыздағы № 03-07 «Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6099-05 болып тіркелген) және Талғар ауданы әкімінің
    2024 жылғы 30 шілдедегі № 07-15 «Талғар ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» Талғар ауданы әкімінің 2024 жылғы 15 наурыздағы № 03-07 шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6145-05 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

 

 

Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ» Талғар ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 января 2025