«Талғар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 ақпандағы № 11-65 шешіміне және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 02-30 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген бірлескен мәслихат шешімінің және әкімдік қаулысының 1-тармағында:
1) тармақшасының 4-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Байбұлақ ауылының шекарасы (шегі) 111,3612 гектарға өзгертіліп, Байбұлақ ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 212,8998 гектар болып белгіленсін;»;
2) тармақшасының 2-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Бесағаш ауылының шекарасы (шегі) 774,8151 гектарға өзгертіліп, Бесағаш ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 1328,5466 гектар болып белгіленсін;»;
7) тармақшасының 3-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Кеңдала ауылының шекарасы (шегі) 277,1211 гектарға өзгертіліп, Кеңдала ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 557,1496 гектар болып белгіленсін;»;
7) тармақшасы мынадай келесі абзацпен толықтырылсын:
«Ақтас ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 285,3616 гектар болып белгіленсін;»;
9) тармақшасының 4-абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Жібек жолы ауылының шекарасы (шегі) 235,9276 гектарға өзгертіліп, Жібек жолы ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 810,0776 гектар болып белгіленсін;»;
10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылының шекарасы (шегі) 355,8249 гектарға өзгертіліп, Тұздыбастау ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 1648,1629 гектар болып белгіленсін;».
Алматы облысы Талғар аудандық
мәслихатының төрағасы М. Алибеков
Алматы облысы Талғар ауданының
әкімі Т. Айдарбеков