Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылғы 9 қазанда Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 15желтоқсан Талғар қаласы әкімін сайлауды тағайындады.
Сайлау округтерінің құрылуы туралы ақпарат, сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары Талғар ауданы әкімінің сайтында орналастырылған және "Alatau Jhuldyzy"аудандық қоғамдық-саяси апталығында жарияланған.
Сайлауға барлығы 1 аумақтық және 26 учаскелік сайлау комиссиясы, барлығы 199 сайлау комиссиясының мүшесі жұмылдырылды.
Сайлаушылар саны 42 488 мыңнан астам адамды құрайды:
07қарашасынан бастап әкімге кандидаттар ұсыну басталды. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға өзін-өзі ұсыну жолымен сондай-ақ, егер ұсыну аяқталған күнге екіден аз кандидат ұсынылған жағдайда аудан әкіміне тиесілі.
2024 жылғы 19 қарашада кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Барлығы 9 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 2 кандидат (22%) саяси партиялармен: «Amanat» -1, ҚХП -1, 7 кандидат (78%) - өзін-өзі ұсыну. Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 4–уақытша жұмыссыздар, 3 - мемлекеттік қызметшілер,бюджеттік ұйымдар-2, 9– ерлер, 8– жоғары,1- орта арнаулы білімі бар.
Талғар қаласы бойынша орташа бәсекелестік 9 адамды құрады.
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарға"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға –3 кандидат сәйкес келетінін, ал 2-кандидаттың сәйкес келмейтіндігінанықтады.Өз еркімен жазған жазбаша өтініштерінің негізінде -4 кандидат алынып тасталды.
Кандидаттар шығып қалған және баламасы болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі үш күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.
Кандидаттарды тіркеу 2024 жылғы 24қарашада сағат 18-00-де аяқталады.
Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы