Алматы облысы Талғар ауданының Талғар қаласының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы

Алматы облысы  Талғар ауданының  Талғар

қаласының  әкімін  сайлау бойынша аумақтық

сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                           28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының                      14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Талғар  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының шекарасында Талғар ауданы Талғар қаласының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Төраға                                                          Д. Батталгазиев

 

Хатшы                                                      Г. Лепесова

 

 

 

 

 

 

 

Талғар қаласы

2024 жылғы 06 қараша

№ 24 қаулы

Дата публикации
06 ноября 2024