Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы

 әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                           28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының                      14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабына сәйкес Талғар ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімін сайлау 2024 жылғы 15 желтоқсанына тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 15 желтоқсанына тағайындалған Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялансын  және Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                      Д. Батталгазиев

 

 

Хатшы                                                   Г. Лепесова

 

 

Талғар қаласы

2024 жылғы 06 қараша

№ 25  қаулы

 

Дата публикации
06 ноября 2024