Алматы облысы, Талғар ауданы,
Нұра ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 15 қыркүйекте Талғар ауданы, Нұра ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 6101 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге - 2583 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 72 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -3.
Талғар ауданы, Нұра ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Каденов Жанибек Жанбулатулы үшін сайлаушылардың 152 дауысы берілді;
Курманказиев Арсен Адлетович үшін сайлаушылардың 472 дауысы берілді;
Оразбаев Ахмет Заетович үшін сайлаушылардың 1833 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 88.
Сайлау қорытындыларымен Нұра ауылдық округ әкімі болып:
Оразбаев Ахмет Заетович сайланды, 1965 жылы туған, ІІМ зейнеткері, Нұра ауылының тұрғыны.
Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы