Бүгінгі күнде Талғар ауданында «Талғар ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне» қарасты 2 БЖСМ жұмыс істейді:
- Талғар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;
- «Талғар ауданының «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Ғимараттары өз теңгерімдерінде.Сонымен қатар теңгерімінде 1000 орындық «Жастар» стадионы бар, 2013 жылы қолданысқа берілген.
Оның ішінде: Бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, жеңіл атлетика, дзюдо, самбо, білектесу, волейбол, қазақ күресі, баскетбол, джиу-джитсу, футбол, каратэ-до, таеквондо, жекпе-жек, ушу - спорт түрлері.
БЖСМ нің оқушылары әр түрлі денгейдегі спорттық жарыстарға қатысып төмендегідей санаттарын орындады.
Талғар аудандық БЖСМ-нің рейтингі көрсеткіш бойынша дайындығы 2018 2019 2020 жыл
Салыстырмалы сараптама:
|
Разряд |
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
|
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері |
2 |
2 |
2 |
|
Қазақстан Республикасының Спорт Шебері |
7 |
14 |
2 |
|
ҚР Спорт Шебері үміткер |
85 |
106 |
43 |
2018-2019жылдар қоытындысы бойынша табысты өнер көрсетіп, облыстың спорттық өміріне белсенді түрде ат салысқаны үшін және Алматы облысы бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында Талғар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 1 орынды иеленгені үшін марапатталды.
2020 жыл бойынша Халықаралық және республикалық жарыстарға барлығы 16 119 000 теңге бөлінді, оның ішінде 2020 жылы өткізілген жарыстар бойынша игрілген қаражат 4 704 000 теңгені құрады:
Алматы облысының Чемпионаты бойынша 1 836 221 теңге
Республикалық турнир бойынша 681 803 теңге
Облыстық ашық турнир бойынша 490 395 теңге
Қазақстан Республикасының Чемпионаты бойынша 764 532 теңге
Алматы облысының ашық біріншілігі бойынша 533 695 теңге
Оқу жаттығу жиыны бойынша 1 888 100 теңге бөлініп игерілді.
Спорт мектебінде спорттың 13 түрі бар (каратэ,таэквондо,волейбол,жағажай волейболы, қазақша күрес, бокс, жекпе-жек, жеңіл атлетика, еркін күрес, самбо, грек-рим күресі, тай боксы, футбол). Оқу-жаттығу процесін 38 жаттықтырушы жүзеге асырады (14 штаттық, 24 қосымша орындаушы), оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы бар бапкерлер саны – 3, жоғарғы санатты – 4, 1-ші санатты - 2 бапкер, 2-ші санатты – 1 бапкер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері- 1, спорт шебері – 4, спорт шеберіне үміткер – 8.
2020 жылдың қыркүйек айының сағат сеткасына сәйкес оқушылар саны 953, 71 топ толығымен жасақталды, оның ішінде 45 – і бастапқы дайындық тобы, 23-і оқу – жаттығу тобы, 3 – і спорттық жетілдіру тобы.
Оқу жылы ішінде каратэ-до бөлімінің спортшылар 3 СШҮ, грек-рим күресі бөлімі бойынша І жасөспірімдер санаты - 14 оқушы, жеңіл атлетика бөлімінде - 2 оқушы, таэквондо бөлімі - 4 оқушы, жеңіл атлетика бөлімі бойынша ІІ жасөспірімдер санаты – 2 оқушы орындады.
Мектептің 2020 жылға іс шаралар өткізуге - 9 800 000 тг бөлінді , оның ішінде қаңтар, ақпан және наурыз айларында игерілген іссапар – 3 400 000 тг құрады, қалған қалдық - 6 400 000 тг. (қосымшада тіркелген)