Талғар ауданында барлық мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдікке жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
2023 жылдың ІII тоқсанында, жылдық жоспарға сәйкес 3 бақылау іс-шараларын жүргізді. Жоспарға сәйкес 3 мемлекеттік мекемесі тексерілді. Олар: - "Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ-сі;
- "Талғар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі"
- "Талғар ауданының Қайнар ауылдық округінің әкімі аппараты"
Тексеру қорытындылары бойынша тексеру актілер берілді, 4 заң бұзушылық анықталды.
2023 жылдың ІII тоқсанында барлығы 15 364 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде тікелей мемлекеттік органдар арқылы – 1143 қызмет (оның ішінде жеке тұлға - 1138, заңды тұлға - 5, оның ішінде, қызмет көрсетушілер арқылы тек қағаз түрінде көрсетілетін қызметтер саны – 0 (жеке тұлға –0, заңды-0), мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және /немесе/ Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 403 (жеке тұлға - 1, заңды - 0), мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде/«электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда/ көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 0 (жеке тұлға - 0, заңды - 0), Мемлекеттік корпорация арқылы – 1843 (жеке тұлға - 1836, заңды - 7), электронды түрде («электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz және www.elicenze.kz) арқылы – 12976 (жеке тұлға - 12696, заңды - 280) қызмет көрсетілді.
Аудан әкімдігінің ресми сайтында мемлекеттік қызметтердің ережелері жарияланған.
Аудандық әкімдіктің барлық мемлекеттік органдарында ішкі бақылау өткізу мен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі жұмыстарға жауап беретін тұлғаларды бекіту жөнінде тиісті нормативті актілер қабылданды.
Талғар ауданы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы, халықты хабардар ету үшін, Талғар ауданының органдарында және ауылдық округі әкімдік ғимараттарында – қызмет берушілерге ережелер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған, стенділер ілінген.
Есепті мерзім ішінде азаматтардан аудан әкімдігіне мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде шағымдар түскен жоқ.
Сонымен қатар, электрондық түрде алынатын мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар қызметкерлерінің қатысуымен, Талғар ауданында ІII тоқсан бойынша Қызмет көрсетушілермен, тұрғындармен түсіндіру 29 іс-шаралары (семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер және т. б.) ұйымдастырылып, барлығы 3467 адам қамтылды.