Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 31 шілде сағат 09.00-ден бастап 18 тамыз сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ағымдағы жылдың 31 шілдесінен бастап Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі, 100 құрылыс Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратының 2 қабаты «Ұйғыр ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынасары бөлімі» ММ-і 15 кабинеті мекен жайынан алуға болады.
Конкурс 2023 жылдың 21 тамыз сағ 10:00, Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының ғимаратында өтеді, Мекен-жайы: Шонжы а/о, Раджибаев көшесі №73