Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

ЖОБА
 
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудің
кейбір мәселелері туралы
 
         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың  қатысуы туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шілдедегі 
Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Алматы облысы, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 1.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
 2. Қоса беріліп отырған Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекітілсін.
 3. «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.А.Ашимахун заңмен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны аймақтық әділет органынан мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгілі бақылау банкіне кіргізу және ресми жариялау үшін мемлекеттік
тіркеуге алынғаннан кейін он күн ішінде қағаз және электронды көшірмесін (қазақ және орыс тілдерінде) «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы»
мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығы бар кәсіпорынға жіберуді;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін Талғар ауданында таратылатын баспасөз басылымдарына ресми 
жариялану үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Талғар ауданы әкімшілігінің интернет сайтында жариялауды.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ч.М.Мамановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Талғар ауданының әкімі                                                                                                                                                                                                              Р.Садыкова
 
                                                                                                              
                                                                                                                           Алматы облысы Талғар  ауданы
                                                                                                                          әкімдігінің қаулысына қосымша
                                                                                                                           « __»______________2017 жыл
 
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен мөлшерлері.                                                 
1.Аудан әкімінің Құрмет грамотасы.
2.10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.
3.Бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын құнды сыйлық.  Алматы облысы, Талғар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы.
Осы қағида қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
 1.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) қарайды.
 2.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Алматы облысы, Талғар
аудандық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –АО, Талғар ауданының ІІБ) енгізеді.
 3.Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
 4.Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермелеушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, 
Комиссия белгілейді.
 5.Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Талғар ауданының ІІБ бастығының 
бұйрығы шығарылады.
 6. Талғар ауданының ІІБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
 7.Көтермелеуді төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Алматы облысы ішкі істер департаментінің 252 003 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу» бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.
 8.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға аудан әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар беруді 
Талғар ауданының ІІБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
 
 
                                             Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір
                                                    мәселелері туралы Талғар ауданы әкімдігінің қаулысына түсіндірме жазба
 
                «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңының 31-бабы 2-тармағында, сонымен қатар «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың  қатысуы туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 
9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасында аудан әкімдігінің өкілеттігі белгіленген.
Бұл ретте, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы жоғарыда көрсетілген заңға және осы нормативтік құқықтық актіге сәйкес олардың
ішкі істер органдарына ерікті түрде жәрдемдесуі арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық тәртіпте қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, 
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптері негізінде жүзеге асырады.
Жергілікті өкілді органдар, тиісті әкімдіктермен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ішкі істер органдарына жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеуге қаражат 
бөлуге қатысты әзірлеген бюджеттік бағдарламаларды қарайды және бекітеді.
Осыған орай, Талғар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы Талғар ауданы әкімдігінің 
қаулысын  бекітуді ұсынып отырмыз. Бұл қаулдыны қабылдаған жағдайда, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және қылмыстың ашылуына өз себептігін тигізеді.
 
Талғар ауданы
әкімінің аппарат басшысы                                                       А.Әшімахұн
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Дата публикации
01 ноября 2017