Жер учаскесін алу үшін кезекке қою туралы
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық және қағаз түрінде. Талап етілген құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда: арнайы нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш, жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);
Ал порталға жүгінген жағдайда: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш. Қызметті көрсету уақыты 15 (он бес) минут ішінде кеңсеге не портал арқылы келіп түскен өтінішті қабылдайды және тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Қабылданған өтініш 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жолданады. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның орындаушысы 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарастырады және өтінішті арнайы есепке алу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап рәсімдейді. Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін аталған мемлекеттік қызмет бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы 47 қызмет көрсетіліп, қызмет алушыларға қағаз түрінде жауап берілді.
Белбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі