Талғар ауданының  2021 жылдың   қаңтар- наурыз  айларындағы  әлеуметтік – экономикалық  даму  қорытындылары туралы  анықтамасы

Талғар ауданының 

2021 жылдың   қаңтар- наурыз  айларындағы  әлеуметтік – экономикалық  даму  қорытындылары туралы  анықтамасы

 

         Жалпы мәліметтер

Талғар  ауданы  Алматы  облысының  оңтүстік бөлігінде, Іле Алатауының тау бөктері аймағында  орналасқан және 3,6 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Аудан 1969 жылы ұйымдастырылды. Талғар қаласының әкімшілік орталығы облыс орталығы Талдықорғаннан 274 км және Алматыдан 25 км қашықтықта орналасқан.

Ауданға  10 ауылдық округ  және  Талғар қаласы кіреді.

 47 елді мекенде 209,8 мың адам тұрады, оның 42,3 мыңы қала халқы, 167,4 мыңы ауыл тұрғындары.  Халық тығыздығы - 58 адам / шаршы км.  20-дан астам ұлттар мен ұлыстардан тұрады: қазақтар 58,2%, орыстар 22,5%, басқалары 19,3 %.

 

Өнеркәсіп

2021 жылға  өнеркәсіп өнімдерінің  көлемі 55,5 млрд. теңге  көлемінде жоспарлануда. Нақты көлем индексі – 101,0%

Осы жылдың  3 айында өнеркәсіп орындарымен өндірген өнім көлемі 15,6 млрд.теңгені құрап,  нақты көлем индексі – 128,7% жетті.

Облыстық өнеркәсіп өндірісіндегі ауданның үлесі – 4,9%. Өнеркәсіп саласында  366 кәсіпорын бар, оның 1-ірі, 87-орта, 52

шағын кәсіпорындар. Оларда 2374  адам жұмыспен  қамтылған.

Сапа менеджменті және халықаралық стандарт ИСО жүйесі бойынша 81 өнеркәсіп мекемелері, сонымен қатар 4 жүйе құраушы кәсіпорындар жұмыс істеуде.

1 тоқсанда  2  жаңа   өндіріс  орындары  ашылды:

- Белбұлақ ауылында «Медикар» ЖШС протездік-ортопедиялық бұйымдар өндіретін өндіріс, 47 жаңа жұмыс орны құрылады, инвестиция көлемі - 2,1 млрд.теңге;

- Панфилов ауылында «Темір Сақ» ЖШС металл каркастағы орындықтар өндірісі, металл каркастағы 120 мың  орындық өндірісі, инвестиция көлемі 450,0 млн.теңге, 90 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

Ауылшаруашылығы

Үстіміздегі жылдың қаңтар – наурыз айларында ауылшаруашылығында  5,4 млрд. теңгенің  жиынтық өнімі өндіріліп,  нақты көлем индексі 102,1 % құрады. Жылдық жоспар - 59,8 млрд. теңге , нақты көлем индексі – 101,8%.

Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы – 5,3 %.

32,6 мың гектар  егіс алқабының,  13,6 мың  гектары дәндік-дақылдар, майлық дақылдар 4,6 мың гектар, 3,1 мың гектары картоп, 2,7 мың гектары көкөніс, 220 гектары бақша дақылдары, 8434 га жем азықтық дақылдар.

2021 жылдың өніміне ауданда 3850 гектар күздік дәнді масақты дақылдар егілді, оның ішінде 1800 гектар күздік бидай, 2050 гектар күздік арпа.

Бүгінгі күнге 8750 га жер жыртылып, 5678 га алқапқа себу алдындағы өңдеу жұмыстары, 22532 га алқапта ылғал жабу жүргізілді. 1650 га жаздық масақты дәнді дақылдар егілді.

Көктемгі егіс жұмыстарына 500 тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді, 4 шаруа қожалығымен 223 тоннаға өтінім беріліп, оның  62 тоннасы  алынды.

Ылғалсақтау технологиясымен 5000 га дәндік дақылдар алқабы өсіріледі, тамшылатып суару әдісі бойынша 825 га, жаңбырлатып суару әдісімен  1710 га алқап өсірілмек.

Алматы қаласы мен аудан тұрғандарын көкөніс өнімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында ауданда 9 меншік иесінің 18 жылыжай шаруашылығы жұмыс жасайды.

2021 жылдың  1 тоқсанында 2513 тонна ет (103,5%), 15,4 мың тонна  сүт (104,0%), жұмыртқа – 5,6 млн. дана (100,0%) өндірілген.

Жалпы құны 1,7 млрд.теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобалар іске асырылуда, оларда 66 жаңа  жұмыс орындары құрылмақ:

«Баймене» ЖШС - 40 га қарқынды бақша отырғызу, жобаның құны – 550 млн. теңге, 15 жұмыс орны ашылады; (іске асыру жылы 2021 – 2022 ж.);

«ҚазҰАУ» ЖШС - 1 га алаңда өнеркәсіптік жылыжай құрылысы, жобаның құны - 645 млн. теңге, 25 жұмыс орны құрылады;

«Байсерке-Агро» ЖШС - тауарлы сүт фермасын кеңейту, жобаның құны - 200 млн. теңге, 10 жұмыс орны ашылады; 

«Нұрбеков» ШҚ - бордақылау алаңының құрылысы, жоба құны-350 млн. теңге, 16 жұмыс орны ашылады;

Шағын және орта бизнес 

Шағын және орта бизнес  саласындағы белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 10851, оларда  21500 адам жұмыспен  қамтылған.

20,0 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, салық түсімдер – 4,1 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы  бюджеттік түсімдердің  23,3%  құрады (салықтық түсімдер -18,4 млрд. тенге).

 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1,6  млрд.теңгеге   9 жоба   мақұлданған:

- «ADK Index» ЖШС- құрылыс  материалдарын шығаратын зауытты  жаңғырту, жоба құны - 115,0 млн. теңге;

- «P.T.Z.» ЖШС – кеңселік мебелдер шығаратын  зауытты кеңейту, жоба құны - 500,0 млн. теңге;

- ЖК «Садыков С.А.» - сүтті  бағытындағы сиырлар сатып алу, жоба құны -60,0 млн. теңге;

 - ШК «Славянка» - сүтті  бағытындағы сиырлар сатып алу, жоба құны -69,9 млн. теңге;

- ЖШС «Дана» Жеке білім беру мектебі  - жоғары мектеп ғимараттарының құрылысын жүргізу, жоба құны - 155,0 млн. теңге;

-ЖК DITERRA - дәнді дақылдарды өсіру, жоба құны – 10,8 млн. теңге;

 Алюгал ЖШС - алюминий профильдері мен қасбеттері, жоба құны – 500,0 млн. теңге,

 ЖК Мендикеева К. - етті өңдеу және консервілеу, жоба құны – 50,0 млн. теңге,

«INTELLSERVICE» ЖШС (тұрмыстық және санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы қағаздан жасалған бұйымдар өндірісі), жоба құны – 89,5 млн. теңге.

 

 2 жоба  1,9 млрд.теңгеге  екінші деңгейлі банктерде  қарастырылуда:

- ЖК «Есжан», жоба құны - 250,0 млн.теңге;

- «OI-QARAGAI  LESNAYA SKAZKA» ЖШС,  жоба құны – 1700,0 млн.теңге.

Үстіміздегі жыл  басынан  бері  8 кәсіпкерлік  нысандары  ашылып (дүкен, ТЖО,  сауда повильиондары және т.б.), 80 адам  жаңа  жұмыс  орындарымен  қамтамасыз етілді.

Инвестия

2021 жылдың қаңтар- наурыз  айларында негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 13,4 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 130,9%.  Жылдық жоспар- 77,5 млрд. тенге, нақты көлем индексі – 100,0%.

Облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы – 15,7%.

Үстіміздегі жылға бюджеттік жобалар - 19,0 млрд. теңге (22,3%.), инвестициялық жобалар-7,8 млн. теңге (9,1%.)    және  басқа да  инвестициялар 58,4 млрд  теңге  көлемінде жоспарлануда  (68,5%). 

БАКАД, көпсалалы  туристік сауықтыру  эко-кешені, Лесная Сказка  тау  шаңғы курорты, қарқынды бақ «Баймене» ЖШС, 1 га  арналған өндірістік теплица «КазНАУ» ЖШС, БМК құрылысы  «Горизонт» ЖШС –нің  инвестициялық жобаларын  іске асыру көзделуде.

 

Тұрғын – үй

2021 жылға 234 мың шаршы метр  тұрғын үй салу жоспарлануда.

Қаңтар – наурыз  айларында 58,7 мың шаршы метр  тұрғын үй  пайдалануға  берілген,  2020 жылмен  салыстырғанда  161,8 %  өскен. Бұл көрсеткіш бойынша облыс көлемінде ауданымыздың үлес салмағы - 18,1 %.

 

Құрылыс жұмыстары

Жылдық жоспар- 29,7 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 100,2%.

Құрылыс  жұмыстарының  көлемі қаңтар-  наурыз айларында  4,7 млрд.теңгені құрап,  нақты  индекс  көлемі  —3,1 есеге өскен.  

Облыс көлеміндегі ауданның үлес салмағы – 18,1 % құрап отыр.

Үстіміздегі жылы  Талғар қаласында 9 қабатты 72 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылыс  жұмыстарын  бастауға - 750 млн. теңге  қарастырылған.

Қазіргі таңда  жобалар  мемлекеттік  сараптамадан өтуде.

Талғар қаласында 72 пәтерлік бес тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге (2 кезең бойынша ) - 64,6 млн.теңге, инфрақұрылымының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге  - 24,2 млн.теңге. Жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Талғар қаласындағы жаңа «Жаңа» шағын ауданының инфрақұрылымын салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге - 10,9 млн.теңге. Жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Бесағаш ауылдық округіндегі «Аспан Сити» тұрғын үй кешенінің инженерлі-коммуникациялық  желілерінің  құрылысына - 83,2 млн.теңге қарастырылып,  жұмыстар жүргізілуде.

Бесқайнар ауылы әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысына – 219,7  млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.  

Талғар қаласында сервистік әкімдіктің ЖСҚ даярлануда.

Бесағаш, Гүлдала және Қанар ауылдық округінің   әкімдіктері құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге  мемлекеттік  сатып  алу  жұмыстары жүргізілуде.  

Талғар қаласындағы АІІБ жаңа ғимараты мен Гүлдала, Панфилов, Бесқайнар, Нұра, Қызыл Қайрат, Белбұлақ, Бесағаш, Еркін ауылдарындағы учаскелік полиция бекеттерінің құрылысының жобалық-сметалық құжаттары 111,8 млн.теңгеге  әзірленуде.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 13,6 млрд. теңге,  нақты көлем индексі -98,9% құрады.

Бұл көрсеткіш бойынша облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы - 14,0 %.

2021 жылға 63,5 млрд. көлемінде жоспарланған. Нақты индекс көлемі – 100,0%.

 

Бюджет

Бюджетке  18,4 млрд.теңге салықтық  түсімдер  жиналып,  жоспар 105,7 % орындалған.  Оның  ішінде  республикалық  бюджетке –6,514,4 млрд.теңге (жоспар 100,0%), жергілікті бюджетке – 4,0 млрд.теңге   түсімдер   жиналған  (жоспар 132,8%).

Аудандық бюджетке  1,6 млрд.теңге  түсіп,  болжам  121,6 %-ға  орындалған.

Ауылдық бюджетке  432,1 млн. теңге  түсіп, болжам 170,0 %-ға   орындалған.

Бюджет  шығындарының  көлемі  2,5 млрд. теңгені құрап   99,9 %-ға орындалды.

 

Халықты еңбекпен қамту

«Еңбек» Нәтижелі  жұмыспен қамтуды және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту бағдарламасы  бойынша  61 адам  әлеуметтік жұмыс орындарына,  20 адам  жастар тәжірибесіне,  534 адам қоғамдық жұмыстарға  жіберіліп,  69,6 млн. теңге  игерілген.

  Аудан   көлемінде   өнеркәсіп  орындарын    ұлғайту, кіші  және  орта  кәсіпкерлік   нысандарының  ашылуынан 812  жаңа  жұмыс орындары ашылып, өткен жылмен  салыстарғанда 128 орынға  артқан.  Жұмыссыздық  деңгейі 4,2 % пайызды құрайды.

Орташа еңбекақы – 168541 мың теңгені құрап өткен жыл деңгейімен  салыстырғанда  22,4 % ұлғайған.

1797 отбасының  9183 алушысына  269,3 млн теңге  атаулы  әлеуметтік  көмек  көрсетілген. 

 

Білім саласы

Ауданның 42 жалпыбілім беретін мектептерінде 2020-2021 оқу жылында    44798 оқушы білім  алып, 4250 мұғалімдер қызмет етеді.

Білім сапасы 2020-2021 оқу жылының  III тоқсаны бойынша  63%.

 

Қашықтықтан оқыту

Қазіргі елдегі короновирус жағдайына байланысты  барлық мектептер  қашықтықтан  білім  алуда,  100,0% интернетпен қамтылған.

  Интернет арқылы  27593 оқушы, оның ішінде  «Дарын - Онлайн» (5-мектеп-5338), Bilim-land (37 мектеп - 22255) платформалрын қолдану  арқылы жүзеге асырылуда.

Теледидар  арқылы  17205 оқушы («Балапан»-қазақ,  «Еларна» - орыс тілінде).

Ауданда  үш ауысыммен  оқитын 4 мектеп бар ( №34ОМ Талдыбұлақ а.,  №37 ОМ Жаңалық а.,  №15 ОМ Жалғамыс а., №1ОМ Талғар қ., ).

Үш ауысымды  мектептерді  жою мақсатында Талғар қаласында  1200 орындық  мектептің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс  жұмыстары 2021 жылы  аяқталады.

42 білім мекемелерінің 25 газдандырылған.

2021 жылы   Жаңалық, Қызыл Ту, Айғаным шағын ауданындағы   600 орындық орта мектептердің ЖСҚ  аяқтауға   115,5 млн. теңге   бөлініп,    құжаттары  даярлануда. 

Рысқұлов ауылындағы мектептің жапсаржай  құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп  сараптама қорытындысы    алынды.  

Талғар қаласындағы №3  орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд теңге, материалдық-техникалық базамен нығайтуға 33,6 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ,  Жаңалық ауылындағы №37 орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 10,6 млн. бөлінді.

Қызылту ауылындағы №24, Туғанбай ауылындағы №30 орта мектептердің электр жүйелерін жөндеуге 38,1 млн.теңге бөлінді.

Талғар қаласындағы №5 орта мектептің ішкі дәретханасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 8,7 млн теңге бөлінді.

Осы аталған  жобалар бойынша қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 

Денсаулық сақтау саласы 

Аудан тұрғындарына 1 аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункті, 9 медициналық пункті және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары қызмет көрсетеді.

Үстіміздегі  жылдың 1 тоқсанында жалпы  туу көрсеткіші   өткен  жылмен  салыстарғанда  113 жағдайға азайған. Өлім көрсеткіші 39 жағдайға өскен. Оның ішінде қан айналымы ауруларымен 11,  ісік аурулары 3, улану мен  басқа да жағдайлардан  16 адам  көз жұмған.  Нәрестелер өлімі  5 жағдайға  төмендеген.

2233 адам  емделіп, 16699  төсек  күн  өткізген.

 

Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру

Ауданда   246  спорттық нысан  халыққа қызмет етуде.  Оның         3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешен, 9 жүзу бассейн, 64 спортзал, 60 спорт алаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық  хоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объектілері.

Жалпы аудан халқының  30,6 %   денешынықтыру және  спортпен  айналысуда. 

 

Туризм

Ауданда  29 туристік объектілер  қызмет  көрсетеді. Оның   5 демалыс  үйі, 4 демалыс базасы,  2 сауықтыру лагері  мен                  18 қонақ үйлер. 

Осы туристік  нысандармен  420,4 млн. теңгеге қызмет  ақылы көрсетілген, немесе  өткен жылмен  салыстырғанда   52,0 % төмендеген (коронавирус пандемиясына   байланысты болып отыр). 

 

Мәдениет

 Аудан тұрғындарына  18 мәдениет ошақтары  қызмет көрсетеді.  

Үстіміздегі жылы   «Ауыл Ел Бесігі»  бағдарламасымен  Бесағаш ауылының мәдениет үйіне  күрделі жөндеу  жұмыстарын жүргізу  үшін  371,0 млн. теңге бөлінген. 

Қазіргі  таңда  жөндеу   жұмыстары  жүргізілуде.  Күрделі  жөндеу  жұмыстарының   аяқталуы  2021 жылдың тамыз  айына жоспарлануда.

 

Жолдар

2021 жылы жергілікті  бюджеттен  жолдарды жөндеуге  - 539,5 млн. теңге  бөлінген.

Қазіргі таңда   барлық 14,6  км жөндеу  жұмыстарына, жол белгілері мен  2 бағдаршам орнатуға  мемлекеттік сатып  алу жұмыстары жүргізілуде.

 

Коммуналдық шаруашылық  саласы

47 елді мекеннің 44-де су жүйесі орталықтандырылған, қамту деңгейі - 93,6%. Еламан, Орман, Жанаарна ауылдары орталықтандырылмаған.  

Аудандағы 47 елді мекеннің 29-на  газ  жүргізілген, немесе  61,7%.

18 елді мекен газбен қамтылмаған (Достық, Еламан, Жанаарна, Жаналык, Коктал, Қайнар, Даулет, Сактан,  Теренкара, Кіші Байсерке, Каменское плато, Төңкеріс, Ақдала, Ақтас, Нұра, Туғанбай, Қаратоған, Өстемір).

Қазіргі таңда  6 ауылдың жобалық сметалық құжаттары  мемлекеттік сараптамадан өтуде (Еламан, Коктал, Қайнар, Нұра, Туғанбай, Өстемір).

Даулет  ауылының жобалық сметалық құжаттары жасалуда, Жаңалық  ауылы бойынша түзетулер енгізілуде.  

2021 жылы  Бесағаш ауылындағы Бурабай шағын ауданында нөсер арналарын салу жобасын аяқтау үшін  172,7 млн.теңге  бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.  68,8 млн. теңге игерілген. Жұмыстар  кыркүйек айына  дейін бітеді.

Еламан ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта құруды аяқтауға - 124,4 млн.теңге бөлінген. Жұмыстар  жүргізілуде.

Ауданның  елді мекендеріндегі көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Үстіміздегі жылы бұл жұмыстарға    - 200 млн.теңге қарастырылған.

Нұра ауылы, Төле би, Байдыбек би, Талдыбұлақ ауылы, Амангелді ауылдарында электр желілерін тартудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге - 15 млн.теңге,  Бесағаш ауылының сумен жабдықтау жүйесін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге, дюкер жасауға Талғар қаласы, Кіші Байсерке, Төңкөріс, Еңбекші, Қайнар, Қарабұлақ ауылдарына - 111,6 млн.теңге,  Талдыбұлақ ауылындағы кәріз жүйесін қалпына келтіруге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуге - 35,4 млн.теңге бөлінген.

Қазіргі таңда, осы жобалар бойынша мемлекеттік  сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»  бойынша    26 маман  7,6  млн. теңге    бір  жолғы    көтерме  жәрдемақыларын  алған.  

 

 

Құқықтық тәртіп бойынша

2021 жылдың 1 тоқсанында жалпы ауданда  370 қылмыстар тіркеліп, өткен  жылмен  салыстарғанда  53 жағдайға  азайған  (2020 ж. – 423).         Оның ішінде  ауыр қылмыстар 21 жағдайға азайған(2020 ж. – 128).

 

 

 

                                                         Экономика және бюджеттік  

                                                          жоспарлау бөлімі

Дата публикации
07 июня 2021