Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

        

 

Қазақстан Республикасының  «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 16-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Талғар ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Талғар ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Талғар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің орынбасары Әшімахұн Ахмет Әшімахұнұлына жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

         Аудан әкімі                                                                Қ.Әбдіханов

 

 

 

Талғар ауданы әкімдігінің

2021  жылғы «___» ___________

№_____  қаулысымен

бекітілген

 

 

 

Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе

күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

және жүргізу қағидалары

 

 

1. Жалпы ереже

 

  1. Осы Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағадалар) 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Талғар ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

1) бірыңғай сәулеттік стиль – құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс ауданына, оның ішінде жеке құрылысқа тән бірыңғай белгілердің жиынтығы. Негізгі параметрлер сыртқы келбеті, сәулеттік стилі, түсті шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары болып табылады. Жеке құрылыс ауданы үшін негізгі параметрлер сыртқы келбеті, сәулеттік стилі, түсті шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршаулар, шатырдың типі және учаске аумағында шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы болып табылады;

2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу – мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

5) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көппәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;

6) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі- жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;

7) шатыр – ғимаратты атмосфералық жауын-шашынның енуінен сақтайтын, су өткізбейтін қабаттан және негізден (торлардан, тұтас төсемеден, кермеден) тұратын, көтергіш конструкцияларға немесе жылытқышқа (шатырсыз шатырларда) салынатын жабынның жоғарғы элементі;

8) қасбет – ғимараттың сыртқы беті;

9) бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі уәкілетті орган                               – «Талғар ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 

10) сәулет саласындағы атқарушы орган – «Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 

11) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – «Талғар ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі». 

  1. Осы Қағидалар Талғар ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталмаған, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі немесе ағымдағы жөндеуді ұйымдастыруға және жүргізуге қолданылмайды.
  2. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3-бабының 2-тармағы 8) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган жергілікті бюджет қаражаты болған кезде ауданға немесе оның бір бөлігіне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.

 

 

  1. Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

 

  1. Уәкілетті орган өкілеттіктері шегінде:

1) көппәтерлі тұрғын үйді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;

2) Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттеріне, шатырларына ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңін және кезектілігін айқындайды және «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабына сәйкес жиналыспен келіседі. 

  1. Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін қасбеттерге және шатырларға ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің белгілі бір тізбесіне сәйкес Талғар ауданының жергілікті атқарушы органы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша шешім қабылдайды.
  2. Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөнінде қабылданған шешімнің негізінде сәулет саласындағы атқарушы орган уәкілетті органмен бірлесіп бірыңғай сәулеттік келбеттің эскиздік жобасын әзірлейді және «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабына сәйкес жиналыспен келіседі.
  3. Бірыңғай сәулет келбетінің эскиздік жобасын жиналыспен келіскеннен кейін уәкілетті орган Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеуді талап ететін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен тиісті жобалар бойынша ведомстводан тыс сараптама қорытындысын алады.

Сондай-ақ, Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын Ағымдағы жөндеуді талап ететін сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады.

  1. Зерттеп-қарау және жобалау тиісті мемлекеттік лицензиялары бар мамандандырылған ұйымдардың күшімен орындалады.
  2. Ведомстводан тыс сараптамадан өткен, Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеу жобалары бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген, Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10007 тіркелген) сәйкес бюджеттік өтінім жасалады және ұсынылады.
  3. Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды алуды бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
  4. Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттеріне, шатырларына күрделі жөндеу жүргізу мынадай құрылыс-монтаждау жұмыстарын қамтиды:

1) қасбеттік әрлеу жұмыстары: 

қаптау жұмыстары;

ғимараттың қасбеттерін сылақтау;

қасбеттерді фактуралық әрлеу;

беттерді «шагрень» фактурасымен әрлеу;

ғимараттың қасбеттерін және сыртқы беттерін бояу;

сәндік жұмыстар;

қасбеттік жүйелердің құрылымы;

өзге де әрлеу жұмыстары.

2) шатыр құрылымы бойынша жұмыстар:

асбестсцемент шатырдың құрылымы;

торлы қоршау орната отырып жабынқыштан жасалған шатырлардың құрылымы;

орамдық шатырлардың құрылымы;

шыны торларды және шыны кенепті төсей отырып битумды мастикадан жасалған шатырлардың құрылымы;

ұсақ шатырлық жабындардың құрылымы және шатырлық темірден жасалған қасбеттерге салу;

аспалы науашалардың және шатырлардың сүйеніш қоршауының құрылымы;

негіздерді топырақтау және бу оқшаулағыш құрылымдары;

шатыр құрылымы бойынша өзге де жұмыстар.

 

 

  1. Қорытынды ереже

 

  1. Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Талғар ауданының елді мекеніне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
17 мая 2021