Талғар ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

Талғар ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін

қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 2-тармағы  16) тармақшасына және  «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20542 тіркелген) сәйкес Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Қоса беріліп отырған Талғар ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің орынбасары А. Ашимахунге жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
17 мая 2021